Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тілі басқа - тілегі бір

«Екібастұз қаласы мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Асамблеясының 20 жылдығына орай «Тілі басқа - тілегі бір» атты мерекелік шеру ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты - қалада тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы ынтымақты дәріптеу, өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту, ұлттаралық достыққа қолдау көрсету.

Қалалық Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктер мен қала мектеп оқушылары арасында достық көпірін ашып, ата-аналар мен жастар арасында ұлттық құндылықтарды терең түсіндіріп, бір-бірін қолдау даңғылын әрі қарай кеңейте беру іс-шараның мазмұнын аша түсті.