Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда мемлекеттік тіл мәселелері жөнінде семинар өткізілді

Жариялау күні: 23.05.2013 ж.

2013 жылдың 22 мамырында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Ана тілі» орталығының ұйымдастыруымен Екібастұз қаласында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған семинар өтті.

Семинардың пленарлық бөлімінде «Павлодар облысындағы тілдік ахуал», «ҚАЗТЕСТ жүйесі: бүгіні мен ертеңі» тақырыптарында баяндама жасалып, семинарға қатысушылар мемлекеттік тілдің білу деңгейін бағалайтын «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша толғандырып отырған сұрақтарына жауап алды.

Аталмыш семинарда терминологияға, тіл мәдениетіне, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты ресімдеуге қатысты мәселелер талқыланды.