Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дария: Тілбұзар

Құрметті Александр Федорович! Мен жол мәселесіне қатысты сауал жолдаған едім. Менің қазақшама сауалыма жауап мемлекеттік тілде берілген. Айтайын дегенім, мәтін қазақ тілінде сауатсыз жазылған. "Шұғыл" деген сөз "асығыстау" деп шаласауатты аударылған.Шағын мәтінде мұндай қателер жетіп-артылады. Мұндай дүбара мәтінді жариялау қазақ тілін қорлау деп есептеймін. Шынымды айтсам, шалажансар мәтіннен ештеңе ұға алмадым. Осы орайда Қазақстан Республикасының азаматы ретінде менің Конституциялық құқығымның бұзылғанын жеткізгім келеді. Атауы айтып тұрғандай, мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілде таза сөйлейтін азаматтар қызмет істеуі тиіс. Әлде мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданғанда, одан мемлекеттік тілді жетік білуі талап етілмей ме? 

Уважаемая Дария!

 

Сіздің Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняктың ресми сайтына келіп түскен 2015 жылғы 29 қазандағы өтінішіңізге, хабарлаймын.

Сіздің өтінішіңіз назарға алынды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығына және қызметкерлеріне алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу айтып көрсетілді.          

Сіздің өтінішіңізде көрсетілген жол аралығын қалпына келтіру үшін қазіргі уақытта бюджеттік қаражат қарастырылмағанын қосымша хабарлаймын.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.

  

Екібастұз қаласы

әкімінің орынбасары                                  М. Адасбаева