Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

23 қазанда  қала әкімі Александр Вербняк әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлеріне құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі Айгүл Әлімова, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлімше меңгерушісі Елена Кицул, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері Бағлан Құрумбаева, жұмыспен қамту орталығының директоры Бақтыгүл Бұлқайырова марапатталды.

Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаты халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы Светлана Лысенкоға, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлімше меңгерушісі Гүлмира Жұмабековаға,  халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері Әйгерім Әлияқпароваға және Алмагүл Батталоваға,       мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың маманы Нұргүл Баршинбаеваға,  жұмыспен қамту орталығының мамандары Наталья Ряднинаға және  Салтанат Абсаттароваға тапсырылды.

Салтанатты шара  концерттік бағдарламамен сүйемелденді.