Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы қаланың тұңғыш құрылысшысы Анатолий Медведевті 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

21 қазан күні «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде  еңбек ардагері, «Замандас» ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Медведевтің 75 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. 

Қала әкімі Александр Вербняк мерейтой иегерінің Екібастұз қаласының құрылуы мен құрылысына сүбелі үлес қосқаны жайлы атап, оған мықты денсаулық және өмірдің бар жақсылығын тілеп, дәстүрлі сыйлықтар - құттықтау хат, әдемі оюлы шапан, гүл шоғын табыс етті.