Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы төтенше жағдай қызметкерлерін құттықтады

19 қазан күні «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінед Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар қызметі Құтқарушылар күнінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. 

Қала әкімі бұл саланың қызметкерлерін құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюдың қалалық жүйесін дамытуда және нығайтуда қосқан жеке үлесі үшін «Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» ӨММ бастығы Бауыржан Ешматов «Екібастұз қаласы алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісіне ие болды.

Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасымен «Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» ӨММ бастығының орынбасары Ильяс Набиуллин марапатталды.

Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаты «Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» ӨММ мемлекеттік өрт сөндіруді бақылау бөлімінің бастығы Рустам Нұрмакинға; «Павлодар облысының төтенше жағдайлар  департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өртке қарсы  қызмет майоры Серік Раскелдиновке; «Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өртке қарсы  қызметтің аға лейтенанты Темірбек Айсабековке;   «Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі кадр жұмысы тобының аға инспекторы, өртке қарсы  қызмет майоры Салтанат Бердықұловаға; «Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 19 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, өртке қарсы қызметтің аға сержанты Мұрат Таевке; Павлодар облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ  «Екібастұз МАЭС-2» АҚ қорғау жөнінде № 13 өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімі өрт сөндіру көліктерінің жүргізушісі Тілек Мұхамеджановқа; Майқайың әскерилендірілген авариялық-құтқару отрядының респираторшысы Бахтияр Ильяшевке; «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімі өрт сөндіру көліктерінің жүргізушісі Сағынтай Мұқсиновке жіберілді.