Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ашық есік күні

«Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің апатты–құтқару жұмысы және өрт сөндіру қызметі» мемлекеттік мекеменің №32 өрт сөндіру бөлімі мен  Екібастұз тарихи– өлкетану музейі  №9 орта мектептің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының ТЖМ 20-жылдығына орай «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

Өрт сөндіру қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жомарт Майманов және қарауыл бастығы Марс Шыбынаев оқушыларды   №32 өрт сөндіру бөлімінің қызметімен таныстырды.

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры Марат Өтеубаев екібастұздық жастарды өрт сөндірушілерден олардың қоғамға қажетті ерлік қызметінен үлгі алуға шақырды.