Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жылдың басынан Павлодар облысының ХҚКО 378 280 мекенжай анықтамалары берілді

Мекенжай анықтамасы  тұрғындар арасында ең талап етілетін  қызметтердің бірі болып табылады.  Сонымен, жылдың басынан бастап Павлодар облысының ХҚКО 380 мыңға жуық осындай анықтамалар берілді.

         Егер бұрын бұл құжатты  ғимараттың шетжағынағы кішкене терезеден көшеде тұрып, оны алуға үлгеру үшін  кезекте таңғы сағат 6-дан тұру қажет болатын, ал қазір кезде осы рәсім айтарлықтай жеңілдетілді.

         ХҚКО бөлімдерінде мекенжай анықтамаларын алу үшін өзіңізде тек жеке куәлік болса болғаны. Көп адамдар ескіше немесе бұрынғы дағды бойынша өзімен үй кітабын алып жүреді, бірақ көк кітап мекенжай анықтамасын алатын кезде де, тіркеуге отырған кезде де қажет емес.

         Мекенжай анықтамасы – тегін беріледі. Оны өзіне-өзі қызмет көрсету секторында алуға болады, ал егер сізде ЭЦҚ бар болса, онда ХҚКО бармай үйде отырып, алуға болады. Мекенжай анықтамасы тек жеке куәлікті ұсынған клиентке ғана берілетінін ескертеміз. Егер мекенжай анықтамасын  жұбайыңызға немесе кәмелеттік жасқа толмаған балаыңызға алу қажет болған жағдайда ХҚКО бөліміне неке және туу туралы куәлікті ұсыну қажет.

         Егер алынған анықтамада ескі мекенжайдағы тіркелім  берілген жағдайда тұрғылықты жердегі тіркеуді көші-қон полиция қызметкерлеріне барып  түзету қажет. Жаңартылған мекенжай анықтамасы 10 минуттан кейін дайын болады.