kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«ҚазАгро» ұлттық холдингі 92,8 млрд. теңгеге егін егу және жинау жұмыстарын қолдады

Қазақстанның негізгі астық егуші аймақтарында дәнді дақылдарды жинау белсенді жүргізілуде. Биылғы жылдың көктеміндегі егістік науқаны ауа-райының қолайсыз жағдайларының себептерімен біраз созылып кеткені белгілі. Бүгінде күзгі жаңбырлар мен салқын түскенге дейін жинау жұмыстарын дер кезінде өткізу аса маңызды.  Басты аграрлық шараларды сапалы әрі уақытылы өткізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингі өз көмегін көрсетуде,  ол осы кезге дейін республиканың аграрлық құрылымдарын 92,8 млрд. теңгеге қаржыландырды. Осы қаражаттардың негізгі бөлігін Холдингке агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 60 млрд. теңге көлеміндегі несие қаражаты құрайды.    

Бюджеттік несие «ҚазАгро» ұлттық холдингімен өзінің еншілес ұйымдарының («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ) және екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) арасында бөлінген. Қаражаттың мақсатты орны:

- кейіннен агроөнеокәсіптік кешен субъектілерін несиелеу үшін, соның ішінде көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында айналым қаражатын толықтыру;  ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуды жүзеге асыру арқылы кейіннен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру;

- Шарттың жолының 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға кейіннен ауылшаруашылық тауарөндірушілерін қаржыландыру үшін несие серіктестіктерін несиелеу.

- ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуды жүзеге асыру арқылы кейіннен ауылшаруашылық тауарөндірушілерін қаржыландыру, соның ішінде бидай мен арпаны форвардтық сатып алу арқылы.

Бүгінгі күні осы қаражаттарды игеру шамамен 59 млрд.теңгені немесе шамамен жоспардың  98%-ын құрады.  Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 2 251 өтінімі қаржыландырылды.

ЕДБ арқылы агробизнесті қорландыру құралы «ҚазАгро» ұлттық холдингімен өткен жылғы сияқты фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында қолданылды.  Банктердің бағдарламаға қатысу саны 2014 жылмен салыстырғанда 4-тен 8-ге дейін екі есеге өскенін атап өту қажет.  Олар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 100% қаражат игерілген.

Бюджеттік несиеден басқа, «ҚазАгро» холдингінің   еншілес компаниялары меншікті қаражаты есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырды. Мысалы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «Егінжай» бағдарламасы бойынша, «Аграрлық несие корпорациясы» - Несие серіктестіктері жүйесі арқылы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ауылшаруашылық техникасының лизингі бағдарламасы бойынша. 

Аграрларға егін жинау науқанын уақытылы жүргізу үшін көмек ретінде «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша ауыл тұрғындарының отандық өндіріс комбайндарын жеңілдікті сатып алу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 10% көлеміндегі аванстық төлем мерзімін 2015 жылғы 15 қарашаға дейін ұзарту арқылы 7 жыл мерзімді көздейді.  Ауа-райы жағдайларының мүмкін бұзылып кету қаупін ескере отырып, ұқсас жағдайлар дән тазалағыш және дәнді кептіргіш жабдықтарды лизингке сатып алу үшін көзделген.

Жалпы жылдың басынан бастап 42,6 млрд.теңге сомасына 3452 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техникалар мен жабдықтар сатып алуға шарттар жасалды, соның ішінде  -  303 комбайн, 1148 трактор, 1279 бірлік арнаулы техника, 60 бірлік технологиялық жабдықтар, 2 бірлік қайта өңдеуші жабдықтар,  660 бірлік басқа техникалар.

Астық сақтау қуаттылығын кеңейту мақсатында «ҚазАгро» ұлттық холдингі астық қоймаларын салу және жаңартуға өтінімдерді қабылдауды және қарастыруды жүзеге асырады.  2014 жылы сақтау сыйымдылығы 76,5 мың тонна қуаттылықты құру/кеңейту бойынша 5 жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы 200 мың тоннадан кем емес сақтау қуаттылығын пайдалануға беру жоспарланады, қуаттылығы 422 мың тонна жобалар іске асырылу сатысында.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық  компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

 «ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі 

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза