Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Көп қабатты, биік үйлердің тұрғындарына

Өрттерді талдау кезінде соңғы кездері республикамызда көп қабатты биік ғимраттар мен құрылыстарда  өрт оқиғаларының жиіленіп кеткендігі көрсетілді. Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп к., 58 «А» мекен жайы бойынша орналасқан 12 қабатты биік тұрғын үй бар.  Жыл сайын  тексеру барысында  анықталған кемшіліктерді жою бойынша ешқандай шаралар қолданылмайды. 1993 жылдан бері берілген ескертулер назарсыз қалып келеді.

Өрт қауіпсіздік ережелерді орындамау өрт оқиғасы болған жағдайда  дер кезінде әрекет ете алмай және адамдардың өліміне алып келуі мүмкін, көрсетілген көп қабатты биік үйді тексеру кезінде өрт қауіпсіздік ережелері бұзылғандығы анықталды, атап айтқанда:

-  әр қабаттағы дәліздерден түтінді өздігінен  шығаратын жүйе істен шыққан;

-  лифт шахталарындағы

-  ішкі өрт сөндіруге арналған су  жүйесі істен шыққан, өрт сөндіру краны бөлшектелінген;

-  су қысымын көтеретін сорғыштар жоқ;                 

-  қауіпсіз жерге көшу жолдарында өрт қауіпсіздік белгілері және автоматтандырылған өрт  дабылы  жоқ;

-  5 –қабаттан бастап 12-қабатқа дейін  өрт сатысы жоқ;

-  шатырға шығатын есіктер құлыпқа жабылмаған;

Пайдаланылып отырған жылжымайтын мүлік нысан азаматтардың меншігінде  және кондаминиум нысандарымен басқарылатын болғандықтан көрсетілген үйдің тұрғындары жалпы жиналыста «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру  шеңберінде ҚР заңдылықтарының ұсынылған талаптарының нормаларына сәйкес  үйдің өрт техникалық жағдай туралы мәселелерді қарастыруларыңыз қажет.

 Сонымен қатар Екібастұз қ. № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қаруында  АЛ (130) автоматтандырылған сатының бар екендігін және өрт болған жағдайда сатыны мейлінше  созғанда 9 қабаттан адамдарды қауіпсіз жерге көшіре алатындығын хабарлаймыз.

Павлодар обласының ТЖ Департаментінің жоспарын орындауда, тұрғын секторларда өрттерді кысқарту жөнінде, тұрғы үйлерде тексеріс жүргізіліп, жаднамалар ұсыналады екендігін Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері хабарлайды.

 

 

Екібастұз қ. ТЖБ МӨҚБ аға инженері

өртке қарсы қызмет майоры                                     Е.С. Рогожина