Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тілдарын – 2015

Қыркүйектің 30 күні «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Атамұра» мәдениет орталығы «Тілдарын – 2015» қалалық олимпиадасын ұйымдастырды.  

Олимпиаданың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлі техникалық институты колледжінің студенті Мұстафина Әсел иеленді. ІІ орын Екібастұз медициналық колледжінің өкілі Смаил Мақсатқа және  ІІІ орын «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамының қызметкері Закриянова Мадинаға бұйырды.