Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі ұстаздарды құттықтады

         Бүгін «Өнер» қалалық мәдениет орталығында  білім беру саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

         Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл мамандық иелерін құттықтап, алғысын білдірді.

Құттықтау сөзден кейін қала басшысы салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі үлесі, білім беру саласындағы адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі педагогикалық еңбек ардагерлері Бағила Бекбауова мен Людмила Бугайға табыс етілді.

Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры, бастапқы әскери дайындық мұғалімі Дархан Бәтенов, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 24 «Айналайын» балабақшасы» КМҚК-ның меңгерушісі Дәмен Бейсембекова, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің мектепке дейінгі және жалпы орта білім секторының меңгерушісі Сәния Бүгімбаева, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 25 қазақ қыздар гимназиясы» КММ-нің география пәнінің мұғалімі Айнұр Жанғұрова, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің С.Торайғыров атындағы № 22 мектеп-гимназиясы» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Құралай Лақасова, Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің оқытушысы Тұрсын Қожахметова, Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің музыка оқытушысы Зәуреш Қонақбаева, «Техникалық шығармашылық мектебі» КМҚК директоры Нурфаяз Сүлейменов марапатталды.

Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Валентина Волковаға,  «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 26 мектеп-гимназиясы» КММ-нің орыс тілі және әдебиет мұғалімі Ботагөз Зекеноваға,  «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 24 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Нұржамал Макимоваға, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 6 мектеп-лицейі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі Тимур Нарушевке,  «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі Иван Трухинге, Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің оқытушысы Торғын Абрароваға жіберілді.

Білім беру саласының ардагерлеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар берілді.

Кездесу концерттік бағдарламамен сүйемелденді.