kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Астана және Алматы ХҚКО-ларында мобильдік ЭЦҚ сатып алу мүмкін

Бүгіннен бастап Астана мен Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтауға арналған SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жобасы бастау алды. Келешекте осындай мобильдік ЭЦҚ-сы бар SIM-карталар Қазақстанның барлық ХҚКО-ларында қолжетімді болады.

«ХҚКО-ларда пилоттық жоба халыққа ыңғайлы болу үшін іске қосылды. Азамат ХҚКО-ға келіп, осы жерде SIM-картаны сатып алып, оған электрондық цифрлық қолтаңбаны жаздыра алады және мамандардан оны қалай дұрыс пайдалану туралы кеңес ала алады», - деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева айтты.

Сонымен бірге ол қазіргі уақытта пилоттық жоба мамандандырылған ХҚКО-ны қоспағанда, Астананың барлық ХҚКО-ларында, сондай-ақ Алматының Бостандық, Әуезов, Медеу, Түркісіб және Наурызбай аудандық ХҚКО-ларында іске қосылғанын айтып өтті. 

Егер азамат ЭЦҚ жаздыратын SIM-картаны алғаш рет сатып алса, оның бағасы    200 теңгені құрайды, мұнда көрсетілген сома абоненттің балансына есептеледі.  Ал егер азаматта «Алтел» ұялы операторының SIM-картасы болса, ол ХҚКО-да ЭЦҚ жаздыратын  SIM-картаға ауыстыра алады. Онда SIM-картаның бағасы 101 теңгені құрайды және клиенттің балансынан азайтылады.

SIM-карталардан мобильдік ЭЦҚ пайдалану азаматтарға «egov.kz» мобильдік қосымша көмегімен мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің бары (жоғы) туралы, зейнетақы төлемдері туралы анықтамаларды және өзге де қызметтерді  алуға мүмкіндік беретінін айта кетелік. Болашақта SIM-карталардағы мобильдік ЭЦҚ көмегімен пайдаланушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіпті интернетсіз және тиісті мобильдік қосымшаларсыз батырмалы телефон арқылы да қызметтер ала алады.

Телефон немесе SIM-картаны жоғалтқан кезде, абонент 888 телефоны бойынша ALTEL call-орталығына жүгіне алады – оператор SIM-картаны бұғаттайды, ал онымен бірге SIM-картадағы ЭЦҚ-ны пайдалану қолжетімсіз болады. SIM-карта әдеттегідей ALTEL ұялы операторының Сату және қызмет көрсету орталығына және одан кейін жаңа ЭЦҚ жазу үшін ХҚКО-ға жеке жүгінген  кезде оңай  қалпына келтіріледі. 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза