Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дария: Жол

Құрметті Александр Федорович! Біз, "Батыр" дүкені маңындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өткен жылы "Батыр" дүкенінің алдынан "Күзетке" дейінгі жолдың аралығы жөнделмегендіктен көктем-күздегі жауын-шашыннан аяқ алып жүрудің қиындығын жазған едік. Бізге "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі" ММ-нің сол кездегі басшысы Қ.Қасеновтен "Тексеріс жүргізілді. Сіздердің талаптарыңыз орынды. Бұл мәселені 2014 жылдың аяғы болғандықтан 2015 жылдың бюджетінен қарастырамыз" деген сыңайда жауап келді. Жауап сайтқа да жарияланды. Бір жыл өтті, содан бері біздің жаққа аяқ басқан шенеунікті көрмедік. Күздің қара суығында тағы да батпақты кешетін түріміз бар. Осы мәселе шешімін таба ма, жоқ па? Соны білгіміз келеді.
Құрметпен, Абай көшесі, 131 "А" үйдің тұрғындары. 

Құрметті Дария!

 

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен «Батыр» дүкені учаскесінен бастап Абай көшесі №№148-150 мекенжайы бойынша тұрғын үйлерді жағалап «Күзет» КА дейін Абай көшесі бойынша орналасқан 168 кварталындағы жаяужол тротуарын орналастыру мәселесі бойынша өтінішіне, келесіні хабарлаймын:

Абай көшесі бойынша «Батыр» дүкені учаскесінен бастап №№148-150 тұрғын үйлерді жағалап «Күзет» КА дейінгі көшелерді тексеру барысында жаяужол тротуары болмауы анықталды, осы учаскеде ұзындығы 200 ауданы 400 м2 жаяужол тротуарын орналастыру қажет.

2015 жылы қарастырылатын көлемдердің аяқталуына байланысты, ағымдағы жылы осы учаскеде жаяужол тротуарын орналастыру мүмкін емес.

Сонымен қатар асфальтбетонды жабындымен асығыс жөндеулерін қажет ететін қала аумағындағы қираған учаскелеріне жөндеулер жүргізілгенін хабарлаймын.

Осы жаяужол тротуары асфальтбетонды жабындыдан жаяужол тротуарын орналастыру жалпы сұраныс тізіміне енгізіледі және келесі жылдарда көлемді анықтау кезінде қарастырылады. Жұмыс осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде орындалады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар

  

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

 жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі» ММ

басшысының м.а.                                                                           Л. Яценко