Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Еңбек күніне арналған бұқаралық-спорттық іс шаралар

Еңбек күнін мерекелеу аясында қалада бұқаралық-спорттық іс шаралар ұйымдастырылды.

26 қыркүйек күні № 10 орта мектебінің стадионында және «Той думан» бильярд залында Екібастұз қаласының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар командалары арасында үшінші қалалық кешенді спартакиаданың есебіне жазғы олимпиадалық және  халықтық спорт түрлері президенттік милі және бильярд біріншілігі өтті. Президенттік милінің нәтижесі бойынша «Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандырылған күзет қызметі басқармасы» құрама командасы жеңді, ал  бильярдтан ең үздік болып атанды.

27 қыркүйекте № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің залында үстел теннисінен қалалық жарыс өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды: Курдюкова Светлана, Ваганов Анатолий, Маило Василий, Такабаев Мәди, Хачатурян Аида, Мұқашев Қуаныш, Тищенко Сергей, Ахметов Илсур, Гуреев Иван, Касенов Тілепберген және тағы басқалары.