Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодардың ХҚКО-ында «ТІЛ-ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» республикалық байқауы өтті

ХҚКО-ның өзге ұлт өкілдері 13 қызметкері Павлодар қаласында өткен «ТІЛ-ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» республикалық байқауына қатысты.

         Қатысушылардың мемлекеттік тілді білуін нығайту мақсатында, оларға ойын түріндегі семинар-трениг өткізілді, сондай-ақ оқыту бейне-ролигі көрсетілді. Байқау төрт кезеңнен тұрды – бұл мемлекеттік тілде өзін таныстыру, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айту, өз ұлтының мәдениетін көрсету, сұрақтары Қазақ хандығының даму тарихы, ҚР Конституциясы, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлерінен тұратын викторина.

         Байқауды ұйымдастырушылар «ХҚКО» РМК, «Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» МҚК және Павлодар қаласының тілдерді дамыту басқармасы.

         «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Мұхамедғали Әшірбаевтың айтуы бойынша мұндай іс-шараларды өткізу ХҚКО қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін арттырады, сондай-ақ оның қызмет көрсету саласында қолданылу аясын кеңейтеді. «Біздің алдымызда татар, өзбек, белорусс, курд, неміс және тағы басқа ұлттардың өкілдері өнер көрсетті. Біз әділ қазылар мүшелері осы ұлыстар байырғы қазақтар сияқты қазақтың «Бетащар», «Тұсау кесу» «Сүндет той» және сол сияқты салт-дәстүрлерін жақсы білетіндігіне сүйсініп таң қалдық. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіргім келеді»,-деп ол сөзін аяқтады.

         Байқау қорытындысы бойынша бірінші орында «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы иеленді, оның өкілі Тамара Шарипаева, екінші орын «ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына тиді – Мухамматгани Ибрагимов, үшінші орынды Фарида Там-Оглы жеңіп алды, ол «ХҚКО» РМК Алматы облысының өкілі.