kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

2016-2018 жылдарға «Екібасастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдалым ХАТТАМАСЫ

Өткізу күні: 2015 жылдың  25 қыркүйегі.

Өткізу орны: Солнечный кенті, Әкімшіліктің акт  залы.

Өткізу уақыты:  сағ.15:00.

Қоғамдық тыңдалымды ұйымдастырған:  «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ.

Қоғамдық тыңдалымды өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа:

03.09.15ж. №35 «Голос Экибастуза» газетіне (мемлекеттік және орыс тілдерінде) хабарландыру беру арқылы жеткізілді.

Хабарландыру көшірмесі  ( 1 Қосымша).

Қатысқандар:

− Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері;

-  Қоғамдық ұйымдардың өкілдері;

−  «Екібастұз  ГРЭС-2 станциясы» АҚ жұмыскерлері;

−  Солнечный кентінің тұрғындары.

Барлығы қатысқандар –  46 адам.

Қатысушыларды тіркеу тізімі 2 Қосымшада осы хаттамаға қоса берілген.

Тыңдалымды өткізу үшін күн тәртібін, уақытын тәртібін бекіту және төрағасы мен хатшысын сайлау қажет.

Тыңдалым төрағасы мен хатшысын сайлау (қарсылық жоқ):

Төрайымы – Солнечный кенті Әкімшілік аппаратының бас маманы  С.С.Жұмашева

Хатшы –  «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлімнің жетекші инженері Т.Н.Кондратенко. 

Тыңдалымның күн тәртібі, уақыт тәртібі:

1. Кіріспе сөз  -  Солнечный кенті Әкімшілік аппаратының бас маманы  С.С.- Жұмашева 3 мин.   

2. 2016-2018 жылдарға арналған  «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарының жобасын талқылауға ұсыну ( 3 Қосымша)  - 15 мин.

3. 2016-2018 жылдарға   «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарының жобасын талқылау ( сұрақ-жауаптар, ұсыныстар )  - 15 мин.

4.  Іс-шара жоспары бойынша қабылданған шешімдер және ұсыныстар - 5 мин.

1.  Бірінші пункт бойынша Солнечный кенті Әкімшілік аппаратының бас маманы С.С. Жұмашева сөйледі.

        «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» Акционерлік қоғамымен қоғамдық тыңдалымға 12.07.13ж.№162-п Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрімен бекітілген  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың Типтік тізбесіне сәйкес құрастырылған  Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57 бабы 3 т. сәйкес 2016-2018 жылдарға арналған  «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарының жобасы қоғамдық

талқылауға шығарылады. 

 

2.  Екінші пункт бойынша. 2016-2018 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылауға «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Бектұрғанов Саян Орынбекұлы ұсынады. (Тұсаукесер, 4 Қосымша).

 

3.   2016-2018 жылдарға  «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау.

      

СұрақА.М.Дворак, «Қоршаған ортаны қорғау» АҚ төрағасы:  «Неге іс-шаралар жоспарында электр сүзгілерді жөндеу бойынша шығындар қарастырылмаған?»

 

Жауап:  С.К. Абельдинов,  Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары: «Атмосфералық ауаға электр станцияның ықпалын төмендету үшін және түтінді күлден тазартуда жобаланған дәрежеге жету мақсатында 2009 жылы  Вентури құбырлары бар скурбберлерді «ALSTOM» фирмасының электр сүзгілеріне ауыстыра отырып, күлтұтқыш жүйесін қайта құрастыру бойынша жұмыстар  аяқталды. Қазіргі кезде электр сүзгілерге күрделі жөндеу жүргізудің қажеті жоқ, бірақ ГЗУ ішкі жүйесіне ағымдағы және орташа жөндеу:көлденең газ өткізгіштерді жөндеу;эрлифтерді жөндеу; қиыршық тасты сүзгілерді жөндеу; электр сүзгілердің күл түсірулерін жөндеу; күл жіберулерді, гидроқақпаларды, күл түсірулерді жөндеу- орындалуда.

 

Сұрақ: А.М. Дворак,  «Қоршаған ортаны қорғау» АҚ төрағасы: «Неге жаңа полигон құрылысына шығын қарастырылмаған?» 

 

ЖауапС.К. Абельдинов,  Басқарма төрағасының өнідіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары: «Өндірістің және тұтынудың түрлі қалдықтарын орналастыруға  арналған секцияланған полигон» құрылысы 2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында жүзеге асырылды. 2014 жылдың желтоқсанында полигон пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың болмауына байланысты пайдаланылмайды. Осы қоғамдық тыңдалымдар  2016-2018 жылдары қоршаған ортаға эмисссияға рұқсат алу мақсатында өткізілуде.

  

Сұрақ: А.М. Дворак,  «Қоршаған ортаны қорғау» АҚ төрағасы: «Айналымдық сумен жабдықтауды қолдануды жоспарлап отырсыз ба?» 

 

Жауап: Басқарма төрағасының өндіріс  және қызмет көрсету  жөніндегі  орынбасары  С.К.Абельдинов: «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-нда жасанды құрылған  құйылмалы  салқындатқыш- су қоймасымен  айналымдық  техникалық сумен жабдықтау  сұлбасы  қабылданған. Салқындатқыш-су қоймасы  ащылы- тұщылы,  тартылатын,    халық-шаруашылық   маңызы жоқ Шандақсор көлі  негізінде  құрылған. Сумен жабдықтаудың  айналымдық  сұлбасы: суық су  салқындатқыш-су қоймасынан  терең  суалғымен  алынады және   бұрып әкелу арнасы арқылы  блоктық сорғы станциясына  келіп түседі,  одан ары  электр станцияның  жылу  алмастырғыштарына  (турбиналар  конденсаторына, ТҚС, газ және май  салқындатқыштарға және т.б.).  Жылы су  жылу алмастырғыштардан  бұрып  жіберу  арнасы  арқылы  салқындатқыш – су қоймасына  бытыратып  жіберіледі.

Сұрақ: «Қоршаған ортаны  қорғау» ҚБ   басқарма  мүшесі  Л.С.Ересько: «Іс-шаралар  жоспары  неге  3 жылға   жасалды?»

 

Жауап: Қоршаған  ортаны қорғау  бөлімінің жетекші  инженері  Т.Н.Кондратенко: «Қазақстан  Республикасы  Экологиялық  кодесінің  76- бабына  сәйкес  қоршаған  ортаға  эмиссияларға  рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта  көрсетілген табиғатты  пайдалану  шарттары  мен  қолданылатын  технологиялар  өзгергенге дейінгі  мерзімге, 1-санатты объектілер үшін  он жылдан аспайтын мерзімге   беріледі».

 

 Сұрақ: «Қоршаған ортаны  қорғау» ҚБ   басқарма  мүшесі  Л.С.Ересько: «Солнечный  поселкесінде  атмосфералық  ауа  мониторингісін  жүргізесіздер ме?»

 

 Жауап: Басқарма төрағасының өндіріс  және қызмет көрсету  жөніндегі  орынбасары  С.К.Абельдинов: «Қоршаған  ортаны қорғау  бөлімінде  АСҚ шекарасында, Солнечный  поселкесінде  атмосфералық ауа мониторингісін  жүргізетін,  «Скат»  жылжымалы  өлшегіш кешені  (жылжымалы  лабораториясы) бар. Атмосферадағы  ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген   шоғырлануы  асып кетуі  тіркелген жоқ».

 

 Сұрақ: «Қоршаған ортаны  қорғау» ҚБ   басқарма  мүшесі  Л.С.Ересько: «Күлді  жағажайлар  құнарлығын қалпына келтірудің заманауи  әдістерін  жоспарлап отырсыздар ма?   Сіздің  кәсіпорын болашақта  қандай  әдістерді  пайдаланды?»

 

Жауап: Басқарма төрағасының өндіріс  және қызмет көрсету  жөніндегі  орынбасары  С.К.Абельдинов: «ЕГРЭС-2 ст.»АҚ  жобасын іске асыруға тарату қорын  белгілеу және күл үйіндісін жабу жобасына  сәйкес 2053 жылға дейін  рекультивацияның  тау-кен-техникалық   әдісімен күлді жағажайлардың  жыл сайынғы  тозаң басуы қарастырылған. Одан басқа №3 энергоблок  құрылысы кезінде  сыртқы  күл жою  (балшық сорғыш құралы) қарастырылған.  Балшық сорғыш құралының  жұмыс принципі: саз бен күл қоқыстарын  араластыру.

 

Сұрақ: «Қоршаған ортаны  қорғау» ҚБ   басқарма  мүшесі  Л.С.Ересько: «Ағаштар  неге өспейді?»

 

Жауап: Басқарма төрағасының өндіріс  және қызмет көрсету  жөніндегі  орынбасары  С.К.Абельдинов: «Көшеттердің  нашар  өсуі  ауданның климаттық ерекшелігіне  байланысты. Көшеттер отырғызу бойынша  жұмыстарды  орындайтын  мердігерлік  ұйымдар  үшін  12 ай  ішінде  кепілді  мерзімі  қарастырылған.  Егерде  көшеттер өспеген жағдайда,   ағаштарды  отырғызу  шартта  көрсетілген  мөлшерге  дейін,  кепілді  мерзімі  тағы  12 айға  ұзартылады».

 

 Сұрақ: «Қоршаған ортаны  қорғау» ҚБ   басқарма  мүшесі  Л.С.Ересько:  «Теміржол  көлігі бойынша  неге  іс-шаралар жоқ?»

 

 Жауап: Басқарма төрағасының өндіріс  және қызмет көрсету  жөніндегі  орынбасары  С.К.Абельдинов: «Іс-шаралар жоспары   12.07.13ж. №162-п  Қазақстан  Республикасы  Қоршаған ортаны  қорғау  министрімен  бекітілген қоршаған ортаны  қорғау  бойынша  іс-шаралардың  үлгі  тізбесіне сәйкес  әзірленді».Теміржол  көлігінен  шығарымдар  «ЕГРЭС-2 ст.»АҚ  атмосфераға  шекті рұқсат етілген  зиянды  заттар  шығарымдар жобасымен  есепке  алынады.

 

Сұрақ: «Қоршаған ортаны  қорғау» ҚБ   басқарма  мүшесі  Л.С.Ересько: «Экологиялық  ағарту  мен насихаттауға  неге  3 адам жоспарланған?  Экологиялық  мәдениет болуы  керек».

 

Жауап: Басқарма төрағасының өндіріс  және қызмет көрсету  жөніндегі  орынбасары  С.К.Абельдинов: «ЕГРЭС-2 ст.»АҚ-нда әр цехта атмосфераға зиянды  заттарды  шығару,  қалдықтарды орналастыру дереккөздері жұмысын  бастапқы есепке алу  журналдарын  жүргізу негізінде, Қоғамның ішкі процедуралары әзірленген, біріктірілген  менеджмент жүйесі  қолданылады».

 

Сұрақ: «Қоршаған ортаны  қорғау» ҚБ   басқарма  мүшесі  Л.С.Ересько: 

«Неге  Сіздің  кәсіпорында  қоқыстар  екінші рет пайдаланылмайды?»

 

Жауап: Басқарма төрағасының өндіріс  және қызмет көрсету  жөніндегі  орынбасары  С.К.Абельдинов: «Қоқыс   күл қоқыстарының  5%-ын,  күл - 95%-ын құрайды.  Қазіргі  уақытта  станцияда   жылына  1 млн. тоннаға  дейін  көлемде (500 МВт – энергоблоктардың нақты жүктемесі кезінде),  түтін газдарын  тазарту процесінде  пайда  болатын, күл жоюдың  гидравликалық  жүйесі  бар.

 Күл үйіндісіне күлді апаруға көлікті ұйымдастыру үшін 6 млн.м3шамасында су қажет. Ресурстарды үнемдеу және алдағы уақытта күлді алып кетуді  ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ станцияда жүзеге асыруда құрғақ күлді іріктеу бойынша жобаны енгізу және әзірлеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

 

Атаулы жобада күлді тиеу сүрлемемен тұтынушыға  автокөлікпен жөнелту  қарастырылған. Объект құрғақ күлді сынамалы іріктеу жүргізілген шеңберінде  тәжірибелік-өндірістік пайдалануға енгізілді.

 

 

Вопрос:  Л.С. Ересько, «Қоршаған ортаны қорғау» АҚ басқарма мүшесі: «Сіздің станция автоматты режімде  жұмыс істей ме немесе жұмыс барысында адамдық фактор қолданыла ма?»

Жауап:  С.К.  Абельдинов,  Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары: « ЕГРЭС-2 ст.»АҚ-ның №1 энергоблогында АСУ ТП жүйесі енгізілген, қазіргі уақытта бұл жүйе №2 энергоблогында енгізілуде. Әрине, станцияның жұмыс барысында адамдық фактор бар.

Ш.Ш.Мусин, «Қоршаған ортаны қорғау» АҚ басқарма мүшесі: «ЕГРЭС-2 ст.»АҚ басшылығына Солнечный кентіне үлес қосқандарына (тазалық,жайлы жағдай, көгалдандыру) алғысын білдірді.

 

4.   2016-2018 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жоспары бойынша қабылданған шешімдер мен ұсыныстар.

Іс-шаралар жоспарының жобасын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар түскен жоқ. Ұсынылған 2016–2018 жылдарға «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау қоғаммен қабылданды.

 

 

 

Қоғамдық Тыңдалым төрайымы

Солнечный к. Әкімшілік аппаратының

бас маманы                                                                                    С.С. Жұмашева

 

Қоғамдық Тыңдалым хатшысы

ҚОҚ бөлімінің жетекші инженері                                                 Т.Н. Кондратенко

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза