Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь) ЖШС байыту фабрикасынан «биг-бэг» қаптарындағы мыс концентратын тиеу бойынша кешен»

«KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь) ЖШС

байыту фабрикасынан «биг-бэг» қаптарындағы мыс концентратын

тиеу бойынша кешен» Жұмыс жобасының Қоршаған ортаға

тигізетін әсерін бағалау (ҚОӘБ) жобасы бойынша өткізілген

қоғамдық тыңдаулар

ХАТТАМАСЫ

 

Өткізілген уақыты:  2015 жылғы 11 қыркүйек, сағ. 10.00

Өту орны: Павлодар облысы, Төрт құдық кенті, Ауыл клубының ғимараты.

 

          Қоғамдық тыңдаулар Павлодар облысының, Екібастұз қаласының, Төрт құдық кентінің  әкімдіктерімен ұйымдастырылды.

 

          Қоғамдық тыңдаулар өткізу жөніндегі ақпарат жұртшылыққа Павлодар облысының Төрт Құдық кентінің, Екібастұз қаласының ресми сайтындағы 20.08.2015 жылғы хабарландыру және «Голос Экибастуза» жалпы ақпарат құралында 20.08.2015 жылы шыққан № 33 (3095) хабарландыру арқылы жеткізілді.

 

          Қатысқандар:

  1. Базылбек Жамсапович Тасимов – Төрт құдық ауылдық аймағының әкімі, қоғамдық тыңдаулардың төрағасы.
  2. Г.Б.Макенова – «Тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша Екібастұз қалалық басқармасы» ҚБ бас маманы.
  3. Джонатан Фрейзер – ЕжТҚ бойынша ҚОҚБ жетекшісі (Казахмыс Проджекс Би.Ви).
  4. Алия Орынбасаровна Шуылдакова – эколог инженер (Казахмыс Проджекс Би.Ви).
  5. Биржан Адилжанович Сатаев – ҚОҚБ ЕжТҚ бойынша инспекторы (Казахмыс Проджекс Би.Ви).
  6. Е.Ш.Шыныбеков – «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институты жобаның бас инженері.
  7. Н.К.Ахметов - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институтының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас маманы.
  8. Г.Г.Джакупбеков - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институтының механика бөлімінің бас маманы, қоғамдық тыңдаулардың хатшысы.
  9. Жергілікті тұрғындар – 11 адам.

 

         Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

 

  1. «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь) ЖШС байыту

фабрикасынан «биг-бэг» қаптарындағы мыс концентратын тиеу бойынша кешен» жобасы.

  1. «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь) ЖШС байыту

фабрикасынан «биг-бэг» қаптарындағы мыс концентратын тиеу бойынша кешен» Жұмыс жобасының Қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау (ҚОӘБ).

 

          Сөйлеу регламенті:

Кіріспе сөз: қоғамдық тыңдаулардың төрағасы – 10 мин.

Жоба бойынша ақпарат – 10 мин.

Негізгі баяндамашылар – 20 мин.

 

          Шығып сөйлегендер:        

  1. Базылбек Жамсапович Тасимов – Павлодар облысы Төрт құдық кентінің жұртшылығы, мемлекеттік органдарының, кәсіпорындар мен мекемелер өкілдеріне қатысқандары үшін алғысын білдірді, сонымен қатар жұртшылық өкілдерімен таныстырды, тұрғындарды күн тәртібімен таныстырып, қоғамдық тыңдауларды ашық деп жариялады. Толық ақпарат алу мақсатында алдымен тұсау кесер материалдарын тыңдап, содан соң сұрақтар мен жауаптар кезегіне көшуді ұсынды. Аталған ұсыныс бірауыздан қабылданды.
  2. Е.Ш.Шыныбеков – тұрғындарды «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь) ЖШС байыту фабрикасынан «биг-бэг» қаптарындағы мыс концентратын тиеу бойынша кешен» Жұмыс жобасының Қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау (ҚОӘБ) жобасымен таныстырды.

Бозшакөл кенорнының аумағы Павлодар облысындағы Екібастұз ауданының жерінде орналасқан. Ең жақын елді мекендер – Бозшакөл кенорнынан оңтүстік батысқа қарай 15 шақырымға жуық жерде орналасқан Төрт құдық кенті және  кенорнынан оңтүстік шығысқа қарай 28 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан Шідерті кенті. Шығыс бағытта автожол бойымен 80 шақырымға жуық қашықтықта Екібастұз қаласы, ал облыс орталығы – Павлодар қаласы Бозшакөл кенорнынан солтүстік шығысқа қарай 188 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан.

Өнімді қаптарға орап салу қондырғысына кететін есептік жұмыс уақыты – 20 сағ.

Мыс концентратын жылдық өндірудің максимал көрсеткіші – 717,470 т/ж.

  1. Н.К.Ахметов - тұрғындарды «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь) ЖШС байыту фабрикасынан «биг-бэг» қаптарындағы мыс концентратын тиеу бойынша кешен» Жұмыс жобасының Қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсерімен таныстырды.

 

     Жұртшылық өкілдерінің ұсыныстары мен ескертпелері:

    

  1. Сұрақ: Ж.А.Уалинова (Төрт құдық ауылының тұрғыны) – байыту фабрикасынан концентрат қалай шығарылады?

Жауап: Е.Ш.Шыныбеков – жобалық шешімдермен «биг-бэг» қаптарына салынған концентратты теміржол вагондарының көмегімен тасымалдау қарастырылған.

     2. Сұрақ: Г.Б.Макенова – аталған жоба санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілді ме?

         Жауап: Н.К.Ахметов – иә, аталған жобаның ҚОӘБ материалдарына 04.08.2015 жылғы № 1400.Ш.KZ86VВS00005085 санитарлық-эпидемиология-лық қорытынды бар.

      3. Сұрақ: Б.Акимжанова – байты фабрикасындағы радиациялық ахуал қандай?

          Жауап: А.О.Шуылдакова – өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде өндірісте тұрақты түрде аспаптық өлшеулер жүргізіледі, нәтижелер санитарлық нормаларға сай. Сонымен қатар, кенорнын ашу жобасын әзірлеу барысында барлық ресми келісулер, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптау бойынша келісулер өтілген.

      4. Сұрақ: Р.Жанабаева – Төрт құдық кентінің аумағында жасыл желектер отырғызу жоспарланған ба?

          Жауап: А.О.Шуылдакова – бұл мәселе бойынша бізге сұраныс болған жоқ, сондықтан бізге жазбаша түрде шығуды ұсынамыз.

 

      Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар:

      Төраға тыңдаулардың митингке немесе манифестацияға айналмай, нақты дәлелдермен байыпты өткенін, бұл шешім қабылдаудың нақты жолы екендігін атап өтті. Барлық қатысушыларға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

       Жұртшылық тарапынан ескертулер мен қарсылықтың болмауына байланысты «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь) ЖШС байыту фабрикасынан «биг-бэг» қаптарындағы мыс концентратын тиеу бойынша кешен» Жұмыс жобасын Қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау бойынша (ҚОӘБ) материалдарымен бірге қолдау ұсынылды.

 

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы

Б.Ж.Тасимов                                                                      ______________

                                                                                                  (қолы)

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы

Г.Г.Джакупбеков                                                               ______________                                                                                                                 

                                                                                                               (қолы)

                                                                                                        МО