Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

          17 қыркүйек күні қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалық етуімен  әкімдік мәжілісі өткізілді, онда қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік бөлімдерінің және коммуналдық қызметтің басшылары қатысты.

Екібастұз қаласы әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы  қала әкімі аппаратының басшысы Мәриям Адасбаева айтты. Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесулерінің қорытындысы бойынша  іс-шаралар жоспарына 17 ұсыныс енгізіліп, оның 16-ы бақылаудан алынды. Абай көшесі, 91-үйдің ауласында ағаштарды  санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. Қоянды ауылдық округі Қоянды ауылында ағаштар отырғызу аяқталды. Теміржол ауылдық округі Құлакөл ауылы және Солнечный кенті ішіндегі жолдарды ағымдық  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сарықамыс және  Төртқұдық ауылдық мектептеріне  компьютерлік  сыныптар, Екібастұз  ауылдық  округінің балаларын тасымалдау  үшін автобус сатып алынды. Шиқылдақ ауылында бар тіректерге шамдар, Энергетиков 73 көшесіне жасанды жол кедір-бұдыры, «Максимол» сауда үйі жанына бағдаршам орналастырылды.  Шевченко көшесіндегі жолдарды, Шідерті кентіндегі шағын-орталыққа,  академик Ә. Марғұлан атындағы ауылда су құбыры мен сорғыға ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды. Байет ауылындағы көше жарықтарының ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Балалар алаңқайына құм тасу толық көлемде апарылды.    Қаланың солтүстік-батыс бөліктеріндегі  жол өткелдері жөнделді.

         Ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің есептік кездесуі бойынша бақылауға алынған 13 тармақтан 12 тапсырма  бақылаудан алынып, жүзеге  асырылды.  Солнечный кентінде  ағаштарды  санитарлық кесу,  Бозшакөл ауылындағы рұқсат етілмеген үйінділерді жою  жұмыстары орындалды. Шиқылдақ ауылындағы ескі құрылыстар және Ақкөл ауылдық округі Жақсат ауылындағы иесіз құрылыстар бұзып шығарылды. Академик Ә. Марғұлан атындағы ауылдың мектеп ғимаратындағы терезелерін  ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Теміржол ауылдық округі № 3 бөлімшенің жолын ағымдағы жөндеу аяқталды. Ә. Марғұлан атындағы ауыл, Ақкөл ауылдық округі Зеленая Роща ауылы, Құдайкөл ауылдық округі Құдайкөл ауылы, Екібастұз ауылдық округі Тай және Төртүй ауылдық мектептеріне  компьютерлік  сыныптар сатып алынды. Қоянды ауылдық округі Теміртас ауылында және  Сарықамыс ауылдық округі  Қуандық ауылында  ойын алаңқайлары орнатылды.

Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Людмила Яценко Қаланың коммуналдық қызметінің, әлеуметтік нысандарының және тұрғын үй секторының 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы жөнінде толық есеп берді.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселеге қатысты қаулы қабылданды.