Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Достық мекені

15 қыркүйек күні «Атамұра»  мәдениет орталығында Құлакөл ауылдық клубының  ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақстан халқының  тілдері айлығына орай «Достық мекені» атты  мерекелік концерт өткізілді.  

Оған Екібастұз қаласы  «Достық» үйінің «Братство» славян орталығы,   «Иванчик» отбасылық дуэты, «Свитанік» украин орталығы, «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі, Құлакөл ауылдық клубынан келген «Шұғыла» вокалдық тобы белсене қатысты. Мәдени шарада Аделя Серікбаева,  Мадина Әлібекова және Аида Дауылбай Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін үш тілде нақыштап, оқып берді.