Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Абай оқулары

14 қыркүйек күні «Атамұра» мәдениет орталығында «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қалалық «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ  тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

Оқулардың қорытындысы бойынша бірінші орынды Екібастұз инновациялық еуразиялық колледжінің студенті Пак Диана жеңіп алды,  екінші орынды Екібастұз политехникалық колледжінен келген Зуй Анна иеленді,  үшінші орын  медициналық колледждің студенті Шейва Светлананың қанжығасына тиді. Барлық қатысушылар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.