Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«ҚазАгро» холдингінің ауылшаруашылық техникасы бойынша ресейдің машина жасаушыларымен ынтымақтастығы

2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасына «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша Ресей Федерациясынан жалпы құны 140 млрд. теңгеге 8 мың бірлік түрлі ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары жеткізілді. Бұл туралы XII Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумы барысында «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтты. Қазақстандық даму институтының басшысы атап өткендей, осы бағыттағы Ресейдің ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын шығаратын зауыттарымен ынтымақтастықты «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ жүзеге асырады.     

Осы уақыттағы ресейдің машина жасаушыларының өнімдері Қазақстанға техника жеткізуші компаниялардың жалпы көлемінің  23%-ын құрайды. Жалпы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша республиканың агроқұрылымдары мен шаруашылықтарының     33 мың бірліктен астам ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарды сатып алуы қаржыландырылды, ол елімізге жеткізілетін техниканың жалпы көлемінің  55%-дан астамаын құрайды.  

Қайта өңдеуші жабдықтар мен техниканы жеткізу бойынша Холдингтің негізгі стратегиялық әріптестері - «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ, «Агромашхолдинг» ЖШҚ, «Четра восток» ЖШҚ, «Клевер»АҚ,  «Петербургский тракторный завод» ЖАҚ, «Агрисовгаз» ЖШҚ, «Агро»АҚ сияқты ірі компаниялар болып табылады.

Ынтымақтастықтың өзара тиімді әлеуетті мүмкіндіктер туралы айта отырып Нұрлыбек Малелов оның  барынша айтарлықтай үлкен екенін атап өтті.  Оның айтуы бойынша республиканың АӨК белсенді дамыту кезіндегі Қазақстанның ауылшаруашылық техникасына 2020 жылға дейінгі қажеттілігі: 10 мың бірлік комбайнды, 60 мыңнан астам тракторды, 75 мың дәнсепкішті, 7 мың бірлік  дән басқышты құрайды.   

«Осының барлығы Қазақстанға техникалар жеткізуді қамтамасыз ету бөлігіндегі, сондай-ақ елдің аумағында бірлескен құрастырушы өндіріс құру бойынша жаңа серіктестер іздестірудегі бірлескен жұмысты жалғастыру үшін алғышартты құрады.  Бізде қазіргі уақыттың өзінде ресей компаниясы «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ, «Vektor» комбайнын құрастыру бойынша, сондай-ақ ПАО «Камаз» компаниясымен КАМАЗ-дар мен тіркемелер құрастыру бойынша бірлескен машина құрастыру өндірісін құруда оң тәжірибе бар" – деді «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басшысы.

2015 жылғы 16 қыркүйекте Сочи қаласында  XII Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумы  өтетіндігін естеріңізге саламыз, оған екі елдің Президенттері – Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. тың қатысуымен өтеді. Іс-шараның аясында «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей мен қазақстан ынтымақтастығының перспективалары» деп аталатын мамандандырылған көрме өткізу жоспарлануда, онда ресейлік өндірушілерден басқа 60-тан астам қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың өкілдері қатысады. Форумның  тақырыбы - «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету». Форумның шеңберінде ресей мен қазақстандық қатынастардың  өзекті мәселелері және Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа аймақтық бірлестіктер шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.   

Форумның іс-шарасы бағдарламасымен «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» мамандандырылған көрмесін өткізу, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі ресей-қазақстан отырысы, екі жақты жастар форумы  көзделген.  Бірлескен құжаттардың бірқатарына, соның ішінде ресей мен қазақстан аймақтарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Анықтама:

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

 «ҚазАгро» ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі