Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздықтар «Турист» атағына лайықты

2015 жылдың 12-13 қыркүйегінде Павлодар облысының «Ертіс» шаңғы базасында Әлемдік туризм күніне орай, таулы туризм техникасы бойынша біріншілік өткізілді.

         Екібастұз қаласынан 27 спортшы қатысып, жақсы жетістіктерге жетті.

         «Жеке» ара қашықтықта 15-17 жас аралығында 1-орынды Александр Касаткин («ЗЮВС»  Екібастұз қ.), 2-орынды – Никита Артемов («Пирамида» Павлодар қ.), 3-орынды Арман Сабырханов («ЗЮВС» Екібастұз қ.) жеңіп алды. 12 -14 жас аралығында 1-орын Александр Удалов («Усольский меридиан» Павлодар қ.) пен Конюхова Евгенияның («Усольский меридиан» Павлодар қ.)  еншісіне тиді. 9 -11 жас аралығында 1-орын Кирилл Коротыш («ЗЮВС» Екібастұз қ.) пен Вероника Мороз («ЗЮВС» Екібастұз қ.), 2-орын Виктор Гусельников («ЗЮВС» Екібастұз қ.) пен Александра Шарошкина («Усольский меридиан» Павлодар қ.), 3-орын Марк Щукин («ЗЮВС» Екібастұз қ.) мен Полина Мирзалюк («Усольский меридиан» Павлодар қ.) иеленді.

         «Топтық» арақашықтықта 15-17 жас пен 9 -11 жас аралығында  Екібастұз қаласы бірінші және үшінші орында, ал ортаңғы 12 -14 жас аралығында үшінші орынға ие болыпты.