Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жители 23 микрорайона: Ө Т І Н І Ш

Біз 23-і шағын ауданы, юго -западный көшесінің тұрғындары, біздің ауданға бағыттаған №6, №66 қоғамдық көлігінің жүрген уақыты қанағаттандырмайды. Себебі қоғамдық көлік таңертен 07-12, 08-03, 08-57, түс мезгілінде 12-45, және кешкі уақытта 20-28 уақытында ғана жүреді. Қалған уақыттарды жүрмейді. Белгіленген орында аялдамалар қойылмаған. Қызметшілер мен жұмыскерлерге түс мезгілінде, үйге келуге қыйын. Көшеде жарық шамдары орнатылмаған. Осы себетен зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар, бала-бақша тәрбиеленушілеріне қаланың орталығына жету, қыйынға әкеліп соғады. Оқушыларға қосымша сабақтарға, үйірмелерге баруға, қоғамдық көліктің жүрмеуінен мүмкіндік жоқ. Және зейнеткерлер сырқаттанғанда қалалық ауруханаға ем алуға бара алмайды.
Үстінде көрсетілген негіз бойынша қоғамдық стандартқа сәйкес уақытқтта жіберуіңізді сұраймыз. 

Cіздің 23 шағынаудан тұрғындарының, №№ 6,66 жол бағытымен жүретін автобустарының жұмыс кестесі, аялдама мен көше жарығының жоқтығы мәселесі жөнінде қала әкімінің ресми сайтына келіп түскен өтінішіне, келесіні хабарлаймын:

№№ 6,66 жол бағытымен жүретін автобустарының 23 шағынаудан арқылы қозғалысы өткізілген пікіртерімге сай белгіленген кесте бойынша күніне 3 мәрте тұрғындар үшін қолайлы уақытта өндіріледі (06.50 бастап 08.57 дейін,  12.45 бастап 13.44 дейін, кешкі уақытта 18.55 бастап 20.30 сағ. дейін).

23 шағынаудан аумағындағы Королев көшесі бойынша  аялдама бар, 9 Юго-Западная  көшесі бойынша 4 аялдама, Энергетиков көшесі бойынша 2 аялдама бар. Автобус аялдамаларының аралығындағы нормативтік қашықтығы ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес  400-800 метрді құрайды. Жақын арада орналасқан қазіргі бар аялдамалары мен Королев, 9 Юго-Западная, Энергетиков көшелері бойынша және тұрғын үйлер аралығындағы  нормативке сай келетін 100-ден 420 м-ге дейін қашықтығын құрайды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ ұсынған ақпараты бойынша  2015 жылы 23 шағынауданда жарықтандыру желілер құрылысы көзделмеген.

 Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар

 

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ

басшысының м.а.                                                                     Л. Яценко