Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бейбіт жүгіріс» эстафетасы Екібастұзда

Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылы қарсаңында 2015 жылғы 2 қыркүйекте Қостанай қаласынан бастау алған Орталық Азия «Бейбіт жүгіріс» ұйымдастыру комитеті олимпиада стиліндегі факелді эстафетасын өткізуде.

11 адамнан тұратын эстафета  2015 жылғы 9 қыркүйекте Екібастұз қаласына сапаржай маңы алаңына келді.

«Бейбіт жүгіріс» - бұл  достықтың және түсіністіктің, бірлікке қарай  талпындыратын адамдардың топтасуына дем беретін,  халықаралық  факелді бейбіт эстафета. Қатысушылар  олимпиада стилінде  жанып тұрған факелді еркіндік нышаны ретінде қолдан қолға береді.

Әр адам жасы мен дайындығы деңгейіне тәуелсіз  эстафетаға қатысуға болады – ол үшін жанып тұрған факелді бірнеше қашықтықта жеткілікті алып жүру керек немесе сол сияқты өзінің  мейірбан еркіндігін айқындап өз қолында жай ұстап тұруға болады.

Факелді эстафетаға «Спортсервис» КМҚК және №2 БЖСМ жеңіл атлетика бөлімшесінің тәрбиеленушілері Мансков Александр, Хабаров  Дмитрий, Иванов Леонид, Какенова Карина, Сембаева Зарина, Дубина Анна, Ержан Улан, Щур Юлия белсенді қатысты.