Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының тұрғындарға мәліметі бойынша осы күнге ХҚКО бөлімдерінде келесі мемлекеттік қызметтер бойынша құжаттарды қабылдау тоқтатылды:

1. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүзеге асыратын тіркенен басқа сенімхат бойынша көлік құралдарын жүргізетін тұлғаларды тіркеу;

2. Техникалық тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен оның шанақтарын міндетті техникалық тексеруден өтуі туралы бланктер беру;

3. 100 кВт астам қуаттылық орнатылған тұтунышылар электр қондырғыларынэлектр желілеріне қосуға рұқсат беру;

4. Медициналық дәрі-дәрмектер, заттар және медициналық техника жарнамаларына рұқсат беру;

5. Қазақстан Республикасының аумағына есептік септеу қоймастан тексерушілік объектісі болып табылатын тауарлар импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия түпнұсқаларын беру.

2015 жылғы қантардан бастап ХҚКО арқылы  «Тұрғылықты елді мекендер шегінде құрылыс объектісі» мемлекеттік қызметті ұсыну жобасы іске асырылған.

Сонымен қатар, ХҚКО арқылы жасалынатын мемлекеттік қызметтердің кейбір атаулары өзгертілді:

1. «Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүзеге асыратын тіркенен басқа сенімхат бойынша көлік құралдарын жүргізетін тұлғаларды тіркеу» атауы «Көлік құралдардың сәйкестендіру нөмірлері бойынша көлік құралдарының жеке түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке қою» атауына өзгертілді;

2. «Үй жағдайында оқытылатын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету көмегін тағайындау» атауы «Мүгедек балаларды үйде оқыту шығынының орнын толтыру» атауына ауысты;

3. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын қозғалмалы мүлік кепілі бойынша анықтамалар беру» атауы «Қозғалмалы мүлік кеплін тіркеу тіркелімінен көшірме беру» атауына өзгертілді және т.б..


            ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін барлық сұрақтар бойынша Сіз 1414 қысқа телефонға хабарласа аласыз.