Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жанаргүл Қадырова: Бойлер

Құрметті Лариса Павловна!
Әуезов көшесіндегі 157-үйдің бірнеше подъезінде екі жылға жуық уақыт ыстық су болмады. Осы үйде менің зейнеткер анам мүгедек бауырыммен тұрады. "Энергетик-Сервис" ПИК-і бойлер сатып алу үшін әр пәтерден 17 500 теңге жинады. Бұл ақша ұзақ уақыт жиналып, кеше пәтерлерге ыстық су берілді.
Өкінішке қарай, менің анамның пәтері орналасқан қатардағы пәтерлерге ыстық су берілген жоқ. Менің анам ең төменгі зейнетақы алып отырса да, қажетті ақшаны бірнеше ай бойы бөліп төлеп отырды. Ал 48-пәтер тұрғындары мүлдем ақша бермепті. Сонымен қатар, 54-пәтер тұрғындары ақша төлемеген көрінеді. Осы екі пәтердің кесірінен неге басқалар зардап шегуі керек?
Менің білуімше, ПИК қызметкерлері насихат жұмыстарын да ширақ жүргізбестен, мәселеге салғырт қараумен болды. Былтырғы қысты тұрғындар ыстық сусыз өткізді. ПИК те ақшаның жылдам жиналып, бойлердің тез орнатылуына мүдделі болуы тиіс емес пе? Мен бүгін 54-пәтер тұрғындарымен сөйлесіп едім, олар "біз біраз ақшаны бердік, енді аз ғана қалды" деп отыр. Ал 48-пәтер ақша беруге асығар емес. Ол үйде бұрын жас отбасы тұрып еді, енді жастар көшіп кетіп, олардың аналары тұрып жатыр. Ол кісі ұл-қыздарынан туған немерелерінің бәрін осы пәтерде жиып алып отырады. Бір сөзбен айтқанда, ұл-қыздары бар, ақша төлеуге қауқарсыз адам емес. Ол кісінің бұлайша ерегесіп, жұрттың ыстық суға қол жеткізуіне бөгет болуға қаншалықты қақысы бар?
Жалпы, ПИК неге бір-екі адаммен ерегесіп басқалардың мүмикіндігін шектейді? Олай етуге қақылары бар ма? Осыған жауап беріңіздерші. Екінші сұрағым: басқа тұрғындар ақша бермеген тұрғындарды сотқа бере ала ма? Одан нәтиже бола ма? Рахмет. 

Құрметті Жанаргүл!

 

Сіздің М. Әуезов көшесі 157 мекенжайындағы көп пәтерлі тұрғын үйде ыстық сумен жабдықтаудың болмауы мәселесімен Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен электронды өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын:

М. Әуезов көшесідегі 157 көп пәтерлі тұрғын үй 5 қабатты, 15 кірешекті, 204 пәтерлі, құрылыс салу жобасымен үй 2 жылу торабы арқылы және 2 жеке су ысытқышпен жабдықталған, кондоминиум объектілерін басқару органы «Энергетик-сервис» ҮИК-тің қызмет көрсетуінде.

         Ағымдағы жылы 1- пәтерден 7 –пәтерге дейінгі кірешектердегі пәтер иелерінің  нысаналы жиындары есебінен жаңа жеке су ысытқыштар сатып алынып, орнатылды.

Комиссиямен тексеру кезінде № 44, 54 пәтерлер ыстық сумен толық жабдықталған (№ 54 пәтер № 45 пәтермен бір тік құбыр бойында орналасқан). № 45 пәтерде ыстық сумен жабдықтаудың болмауы ыстық сумен жабдықтау бойынша вентильдердің жабық тұруынан орын алған (акт көшірмесі қоса беріледі).

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабы негізінде жоғарыда көрсетілген Заңның 12-бабына сәйкес Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы

бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    Л. Векшина