kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Спортпен өмір сүр

2015 жылдың 5 қыркүйегінде қалада «Денсаулық фестивалі-2015» атты республикалық кең ауқымды акция өтті.

«Шахтер» қалалық мәдениет және демалыс саябағында  3 мыңнан аса адамдардың қатысуымен жаппай жаттығу және концерттік бағдарлама дайындалды. Адамдардың қан қысымын, бойын және салмағын тексеретін «Денсаулық бұрышы» ұйымдастырылып, сонымен қоса салауатты өмір салты бойынша медицина қызметкерлерінен ұсыныстар айтылды. Қаланың үлкен тұрғындары және оқушылары арасында жеңіл атлетикадан «Күзгі жүгіріс» біріншілігі өткізілді. Жарыстың қортындысы бойынша Дубина Анна, Сембаева Зарина, Кривич Кристина, Қайрат Рамазан, Ержан Ұлан, Ткачук Роман, Кива Станислав, Қабыржанов Қайрат, Башкова Наталья, Көпеева Алма, Бостыбаева Майра, Мансков Александр, Хабаров Дмитрий, Клячин Дмитрий, Мұқашев Нұрлан, Алашбаев Ержігит, Уанов Ертас, Задорина Светлана, Мухамбетжанова Гүлдана, Тайлакова Әсия, Мосякина Валерия, Шахманова Зарина, Нападовская Лидия және басқалары  жүлдегерлер мен жеңімпаз боп анықталды.

         «Жасыбай» БЖСМ-ының жүзу һәуізінде  қала қонақтары мен тұрғындары арасында  жүзуден біріншілік өткізілді. Жас ерекшеліктері бойынша Абдурахманов Нұрали, Абикеев Дамир, Қабыржанов Қайрат, Кива Станислав, Кузбеков Дулат, Усеев Мұрат, Нұрмағамбетов Бақытбек, Башкова Наталья, Кривоносова Ольга, Малышева Людмила, Нұрғазин Константин, Юзва Людмила, Семенова Ирина, Колодий Сергей, Вагимов Рафаиль, Суханова Инесса, Нападовская Елена, Мұқашев Нұрлан, Тілеумбетов Радик және басқалары ең үздік атанды.

«Шахтер» стадионында өткізілген ауылдық округтер спортшылары арасында футболдан аймақтық турнирде бірінші орынды Шідерті кенті жеңіп алса, екінші орынды Солнечный кенті иеленді, ал үшінші орын Төртүй ауылына тиді. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза