Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған мотожүріс Екібастұз қаласында

2015 жылдың 3 қыркүйегінде Екібастұз қаласында  Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған  біздің еліміздің ең ірі мотожүрісі қатысушыларымен кездесу өтті. Ол барлық облыстарды қамтып, 45 күннен аса созылмақшы.

Мотожүріс жетекшісі Дмитрий Петрухиннің басшылығындағы ақциының қатысушылары Даңк обелискі алаңына барып, Мәңгілік   алауға гүл шоқтарын қойды және Екібастұз инженерлік-техникалық институттың студенттерімен кездесті.

Осы бастама «Нұр Отан» партиясы мен мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен өткізілуде. Оның мақсаты – Қазақстан халық батырлары туралы білімдерін бекіту, оларға тағзым етіп, құрметтеу, қазақтардың дәстүрі мен ғұрыптарын сақтау, жас ұрпақпен мемлекеттегі бейбітшілікті құру және сақтау тәжірибесімен  оның ғылыми, мәдени, экономикалық дамуымен бөлісу.

Мәдени-ағарту акция оңтүстік астана Алматыда басталып, Елбасының қатысуымен тойланатын негізгі кең ауқымды шараға ұласып, 9 қазанда Тараз қаласында аяқталмақшы.