Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қазақмыс Проджектс БиВи» компаниясының филиалының Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жоспары бойынша өткізген қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

«Қазақмыс Проджектс БиВи» компаниясының филиалының Қоғамдық тыңдау хаттамасы

Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының 2015-2016 жылға арналған жоспары

Өткізілген күні: 02.09.2015жыл, уақыты 10:00.

Өткізілген орын: Павлодар облысы, Төрт-құдық елді мекені, Мәдениет үйі

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырушы: Төрт-құдық елдімекенінің Әкімі

Қоғамдық тыңдаудың өткізілетіні жөніндегі мәлімет «Екібастұз Дауысы» газетінің 13 Тамыз 2015 жылғы № 32 (3094) басылымына хабарлама беру арқылы жария етілді.

Қатысушылар:

Төрт – Құдық елді–мекенінің әкімі Тасимов Базылбек Жамсапұлы  

«Қазақмыс Проджектс БиВи» компаниясының филиалының ҚОҚ Бөлімінің Аға-инженері - Жанпеисова Гульназ (баяндаушы)

Павлодар Облыстық Экология Департаментінің Инспекторы - Сагындык Сулейменов

Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқын қорғау бойынша өндірістік аймақтарды бақылау бөлімінің Аға маманы - Асылбеков Самиголла Брусанович

«Қазақмыс Проджектс БиВи» компаниясының филиалының экологы - Ходанова Назгуль

(жалпы қатысушылардың немесе негізгі қатысушылардың көрсеткіші хаттамаға қосымша ретінде жүреді)

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

1. Қоғамдық тыңдаудың төрағасын және хатшысын таңдау– 4 мин.

2. Қоршаған Ортаны Қорғау бойынша 2015-2016 жылға арналған іс-шараның жоспарын баяндау – 20 мин.

3. Сұрақ-жауаптар, ұсыныстар мен ескертулердің уақыт сыйымдылығы – 5 мин.

 

(Күн тәртібінің негізгі бөлімі және оларға қарастырылған уақытша шектеулер)

Сөйлеушілер:

«Қазақмыс Проджектс БиВи» компаниясының филиалының 2015 жылдың 3-Тамызда сагат 10-00 де өткізілген Қоршаған Ортаны Қорғау бойынша 2015-2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарымен таныстыру мақсатында өткізілген Қоғамдық тыңдауды, Төрт-құдық елді-мекенінің Әкімі Тасимов Базылбек Жамсапулы өз сөзімен ашты.

Базылбек Жамсапұлы өз сөзінде Қоғамдық тыңдау Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17 статьясының 30-бабына және 57 статьясына, сонымен қатар Қоршаған Ортаны Қорғау Министірінің 26.03.2013 жылғы РК №50Ө «Қоғамдық тыңдауды өткізу ережелерін бекіту» жөніндегі бұйрығына сәйкес өткізіліп жатқандығы туралы айтып өтті. «Қазақмыс Проджектс БиВи» компаниясы қоғамдық тыңдауды өткізетін орынды және уақыты бойынша алдын ала жергілікті атқарушы органдармен мақұлдап, БАҚ арқылы Қоғамдық тыңдау өтетіні жөнінде хабарландырды.

Күн тәртібінің бірінші бөлімі бойынша келесі кандидатуралар ұсынылды:

 - Қоғамдық Тыңдаудың Төрағасы ретінде – Тасимов Базылбек Жамсапұлы

 Ашық дауыс берудің қорытындысы бойынша – бірауыздан «Ия» деп шешілді

- Қоғамдық Тыңдаудың Хатшысы ретінде - Ходанова Назгуль

Ашық дауыс берудің қорытындысы бойынша – бірауыздан «Ия» деп шешілді.

Күн тәртібінің екінші бөлімі бойынша сөз сөйлеген:

Жанпеисова Гульназ, «Казахмыс Проджектс Би Ви» компаниясы филиалының Аға-инженер экологы.

Бозшакөл тау-кен өңдеу зауытының құрылысымен айналысып жатырған «Қазақмыс Проджектс БиВи» компаниясының филиалының 2015-2016 жылдарға арналған Қоршаған Ортаны Қорғау іс-шараларының жоспарымен таныстырды. Жоспарда негізінен құрылыс-монтаж жұмыстарына, уақытша салынған ғимараттарды бөлшектеу және бұзылған топырақтардың құнарлығын қалпына келтіру сияқты жұмыстарға қатысты қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылған.

Ауаны қорғау мақсатында көлік жолдарында, сусыма материалдарды сақтайтын қоймаларда, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында, ғимараттарды бұзу және топырақтардың құнарлығын қайта калпына келтіру барысында шаңдарды бастыру шаралары қарастырылған. Сонымен қатар экологиялық ережелерге сәйкес келмейтін құрылғыларды инвентаризациялау және технологиялық жабдықтарды жарамды қалпында ұстау қарастырылған.

Су қорларын қоғау және тиімді пайдалану мақсатында алдын алу шара ретінде кәрізді суларды тазарту қондырғылары техникалық қызмет көрсетуі және гидровликалық тексеруден кейінгі суларды техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану қарастырылған.  

Жер қорларын ластанудан қорғау мақсатында құрылыс алаңдарында, жер қазу алаңдарында, уақытша ғимараттарды бұзу және бұзылған топырақты қайта қалпына келтіру аймақтарында эрозияға қарсы шараларды жүргізу қарастырылған.

Жер қойнауын қорғау мақсатында бұзу барысында пайда болатын ластаулардан сақтау іс-шаралары қарастырылған.

Өсімдік әлемін қоғау мақсатында көгалдандыру шараларын жүргізу қарастырылған.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды азайты және полигонға деген салмақты азайту мақсатында пластик, қағаз, кәріз сулардың тұнбаларын, тамақ қалдықтарын, пайдаланылған майларды, аккумулятор, пайдаланылған көлік шанилары сияқты қалдық түрлерін қайта пайдалануға және қайта өңдеуге жіберу қарастырылған.

2015-2016 жылга арналған Қоршаған Ортаны Қорғау мақсатында жасалған жоспарды іске асыру мақсатында жұмсалатын қаржы көлемі барлығы 35млн. тенгені құрайды, оның ішінде 9 млн. тенге бастапқы жылға және 24млн.тенгені келесі жылға жұмсау қарастырылған.

Қоғамдық өкілдердің сұрақ, жауап және ұсыныстары:

Сұрақ.

1. Төрт-құдық елді-мекенінің тұрғыны Уалинова Ж. сұрағы:

Жоспар бойынша мекеме пластик қалдықтарды қайта пайдаланатын болады деп айтылды. Ал ауыл тұрғындарына өз пластик қалдықтарын жинауға болама? Азғантай болсада ақша жасау мақсатында. Қазіргі уақытта бұрынғыдай қалдықтарды тапсыру сияқты бағдарламалар неге жок? Бұрын әйнек қалдықтары, қағаз қалдықтары, метал қалдықтары барлығын тапсыруға болатын. Егер осындай бағдарламаны Екібастұз қаласында қарастырса біз қуана құптар едік.

Жауап Жанпеисова Г.С:

- Мекемемізде қалдықтарға қатысты жағдайлар үнемі бақылауда ұсталып отырады. Себебі жауапты адамдар және оны басқаратын нұсқамалар, сонымен қатар қалдықтады дұрыс сорттамағаны үшін жазалау амалдарыда жүреді. Ал ауыл аймақтарда бұндай шаралар жүргізілмейді. Шыныменде қазір тұрғындардан көптеген пластик қалдықтар пайда болады. Ал адамдар олармен нестерлерін және қалай дұрыс өңдеуді білмейді. Бірақ болашақта бұл жағдай жақсы жағына өзгеруі қажет. Онымен айналысатын мекемелер пайда болады.

2. Ауыл тұрғыны Уразбаевой А. ханымның ұсынысы.

Бизде ауыл тұрғыны ретінде жаңағы айтып өткеніңіздей көгалдандыру және теректер егу сияқты ойларыңыз қатты ұнады. Себебі біз тұрып жатырған қырлы аймақта теректер өте аз.

3. Ауыл тұрғыны Сарсенбаева Г. ханымның сұрағы:

Ауаны қорғау қандай бағытта жүреді?

Жауап Жанпеисова Г.С.:

Жоғарыда жоспарда айтып өткендей көліктердің ауаға зиянды заттарды бөліп шығаратын құрылыс техникаларын бақылауда ұстау. Ал құмды жолдардың шаңды болуы қашып құтыла алмайтын жағдай, оны тек асфальт төсеу арқылы болмаса, бірақ ол біздің зауытты тұрғызу сияқты қысқа мерзімді жобада емес ұзақ мерзімді жобаларда қарастырылады.

Тұрғызылып жатырған Кен Өңдеу зауыты мыс өңдеу өндірісі емес, бұл жерде Балхаштағы сияқты зиянды заттар бөлінбейді. Бұл жерде тек карьердердің және жолдардың шаңдануы болады.

4. Ауыл тұрғыны Уалинова Ж. ханымның сұрағы:

Сіздер қоршаған ортаны қорғаумен фабриканың іске қосылуын тоқтатып тұрған жоқсыздарма? Біздер ауыл тұрғындары фабриканың іске қосылуын тағатсыздана күтудеміз, басқа жұмыс көзі жоқ.

Әкім Тасимов Б.Ж. мырзаның жауабы. Фабрика іске қосылады, дегенмен қоршаған ортаны қорғау қажет, ол бізде жалғыз.

5. «Мир Экологии» ҚБ өкілі Е.Оразалинов мырзаның сұрағы:

Сіздің мекемеңіз қай санатқа жатады? Сіздер жоспарды Облыстық жер қойнауын бақылау бөлімінде бекіттіресіздерме? Сіздер ол мекемеге, яғни осы қоғамдық тыңдауға қатысуға жауапты ретінде шақыру жібердіңіздерме?

5. Жауап Жанпеисова Г.С.

Сіздің айтуыңыз өте орынды. Біздер 2 санаттағы мекемеміз. Ал шақыру одан жоғары тұратын Павлодар Экологиялық Департаментіне жіберілді.

6. «Мир Экологии» ҚБ өкілі Е.Оразалинов мырзаның сұрағы:

Барлық ірі деген кәсіпорындарда қозғалтқыштардың іштен жануының техникалық жағдайын тексеретін автомобилдік газ талдауыш қондырылған. Сіздергеде неге қондырмасқа? Сонымен қатар Қоршаған Ортаны Қорғау жоспарына неге қоспасқа?

6. Жауап Жанпеисова Г.С. Біздерде көліктерден бөлініп шығатын пайдаланылған газдарды өлшеу жылына бір мәрте техникалық бақылау кезінде өткізіліп тұрады.

7. Ұсыныс «Мир Экологии» ҚБ өкілі Е.Оразалинов мырза:

Сіздерде су іркуіш ұңғұма барма? Техникалық суды пайдалануға рұқсат алу мақсатында, жердің үстіңгі қабатынан алынатын су мөшлерін азайту мақсатында, өз жоспарларыңызда су іркуіш ұңғұмалар арқылы сумен қамтамасыз етуді балама ретінде қарастырыңыздар. Зауыттың құрылысы барысында Жоспарға осы сұрақтардың ғылыми зерттеулерін жүргізіңіздер, болашақтағы өндіріске.

8. «Мир Экологии» ҚБ өкілі Е.Оразалинов мырзаның сұрағы:

Сіздер жерасты суларының мониторингін ЭББ бойынша жүргізесіздерме?

8. Жауап Жанпеисова Г.С. Қысқа мерзімді құрылыс барысында жер асты суларын мониторингтеу өткізілген жок. Жерасты суларын мониторингтеу зауыттың құрылыс бөлімінің емес өндіріс бөлімінің құзырында.

Біз судың сапасын сүзгілеу аймағына жақын орналасқан бір ғана бақылау ұңғымасы арқылы бақылап отырамыз.

9. «Мир Экологии» ҚБ өкілі Е.Оразалинов мырзаның сұрағы:

Тұрмыстық кәрізді суларды тазалайтын Биоланд құрылғысының жұмысының нәтижелі екендігін қалай қадағалайсыздар? Құрылғы сертификатталғанба, ҚР тіркеуінде барма?

9 Жауап Жанпеисова Г.С. Аталмыш құрылғы Түркия мемлекетінен әкелінгендіктен, ҚР тіркеуінде жоқ. Құрылғы жұмысының нәтижелілігі жобалау деректерінің кіріс параметрлері арқылы және ШЗТ (ПДС) есептелінген шығыс параметрлері арқылы бақыланады.

10 «Мир Экологии» ҚБ өкілі Е.Оразалинов мырзаның сұрағы:

Сіздерде СҚА жобасы барма? Себебі ол көгалдандыру жұмыстарын жүргізу барысында желдің бағытын айқындау мақсатында маңызды болып табылады.

10. Екібастұз қаласының Тұтынушылардың құқын қорғау бойынша мекеменің Өндірістік аймақтарды бақылау бөлімінің Аға маманы - Асылбеков С.Б. мырзаның жауабы:

Мекемеде САҚ Жобасы жоқ.

11. «Мир Экологии» ҚБ өкілі Е.Оразалинов мырзаның сұрағы:

Бастамашылық тексеру жүргізуді ұсынамын. Құрылыс бөлімі өз жұмыстарын өндіріс бөліміне тапсыру барысында көптеген сұрақтар туындауы мүмкін. Жұмысты тапсыру барысында қателіктер жібермеу мақсатында, тексеру өткізіңіздер. Оны ҚОҚ іс-шаралар жоспарында көрсетіңіздер.

12. Ауыл тұрғыны Сарсенбаева Г. ханымның сұрағы:

Қазіргі таңда радиацияның деңгейі қандай?

Жауап Жанпеисова Г.: Зауыттың құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын, фондық тексеру 2012 жылы өткізілді. Өлшеу жұмыстары 15 жерден алынды, асып кету болған жоқ.

Жауап Асылбеков С.Б.:

Биылғы жылы мекеме жер телімін пайдалуға рұқсат алды, сол уақытта радиациялық фонды тексеру жүргізді. Асып кету болған жоқ.

Ауыл әкімі Тасимов Б.Ж. мырза бұл сұрақтың жауабын жалпы қорытындылады. Сонымен қазір карьердің тек беткі жағы ашылған, бұл кезде радиациялық фон өзгермейді. Бұл сұрақты қазба жұмыстары тереңдетіліп жүргізілген кезде қайта қозғауды ұсынды.

Жауап

(білдірілген сұрақтар мен жауаптар, ұсыныстар мен ескертулер және оларды білдірген тұлғалардың есімдерімен немесе мекемесімен, ұсыныстар мен ескертулер хат ретінде келіп түскен жағдайда аталмыш хаттамаға қосымша ретінде жүреді)

Пікірталастың негізгі тұжырымдары:

Күн тәртібі тамамдалсын, келіспеушіліктер мен ескертулер болған жоқ, жиналыс жабық деп танылсын. Тыңдалған тақырыпқа қатысты ескертулер мен ұсыныстар үшін мәлімет жергілікті атқарушы органдардың (Екібастұз қаласы) интернет желісінде жарияланады.

Жабылу уақыты: 10:35.