Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ЭҮП және ХҚКО арқылы міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді қалай өткізуге болады?

ХҚКО қызметті алу үшін клиент келесі құжаттар тізімін ұсынады 

-  жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш 

  -  жеке куәлік

-  төлем туралы  куәландыратын құжат 

-  кепіл туралы шарт немесе кепіл жағдайы жазылған басқа шарт, немесе тапсыру актісі немесе оның қосымша көшірмесі (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме) қосылған құқықтарды (талаптарды) шегіндіру туралы шарт

            Қызмет алушыға жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш толтырып, инспекторға жеке куәлік пен төлемді растайтын түбіртекті ұсыну керек.

            Егер  Электрондық үкімет порталында Жеке кабинетіңіз болса, онда қызметті ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесі арқылы алуыңызға болады.

1) кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты үлгісінде өтініш (сауал);  

2) жеке куәлік;

3) кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған қызмет берушінің ақпараттық жүйесінде  жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтінішті жіберу үшін қызмет алушының жазбаша келісімі;

4) төлем түбіртегі;

5) кепілдік туралы шарт немесе кепіл алушының  (кепіл беруші) және кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты үлгісінде басқа кепілдік талаптары қойылған  шарт.  

            Порталда қызмет көрсету мерзімі  - 1 жұмыс күні, ХҚКО – 2 жұмыс күні.  

            Құжаттарды ресімдеу ақылы негізде жүзеге асырылады, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін жеке тұлғалар 1 АЕК, заңды тұлғалар – 5 АЕК төлеулері қажет.

            Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасы үшін – 0,5 АЕК.