Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені

«Қайнар» - көп функционалды, көп құрамды кәсіпорын, оның құрамында 38 балаларға білім беру бірлестіктері, 14 аула клубтары, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, оқушылармен бұқаралық жұмыс жасау бөлімі, білім беру мекемелерімен тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік бөлім, жүзу бассейні, физикалық даярлық бойынша балалар мен жасөспірімдер клубы кіреді.

 

 

            6-17 жас аралығындағы 1300 балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі бағыттар бойынша қосымша білім берудің 32 оқыту бағдарламалары жүзеге асырылады. Білім беру қызметінің сапасы түрлі деңгейдегі сайыстық іс-шаралардағы жетістіктердің нәтижесімен айқындалады: соңғы екі жылда қайнарлықтар түрлі деңгейдегі 116 сайыстар мен жарыстарға қатысып, оның 99-нда жүлделі орындарды иеленді.

            Биылғы жылы «Қайнар» кешені «Облыстың үздік қосымша білім беру ұйымы» облыстық сайысында жеңімпаз атанып, «Қазақстан Республикасы қосымша білім беру ұйымының алтын қоры» кітабына енді. «Білім көшбасшысы» республикалық журналының желтоқсандық нөмірі (2014 жыл, №4) «Қайнарға» арналған.

            Жаз мезгілінің үш айында:

Төрт ұжым «Үлгілі» атағына ие: «Радость» және «Очарование» хореографиялық ансамбльдері, «Арман» вокалды-эстрадалық ұжымы, «Маска» театралдық студиясы.

            Қосымша білім берудің жаңа бағыттары дамытылуда: «Қайнар» медиа-орталығы, Омбудсмендер мектебі, Брейк-данс тобы, техникалық үйірмелер, мектеп волейбол лигасы.


            «Қайнар» ББК – балалар мен ересектерге арналған бұқаралық іс-шаралар, әлеуметтік бағдарламалардың ұйымдастырушысы, оларда жыл сайын 15 000 астам адам қамтылады. Жеңістің 70-жылдығы аясында «Жеңіс эстафетасы», туристік слет, ту ұстаушылар байқауы өткізілді. «Мектепішілік КВН лигасы», «Шіркін, life», «Тең – теңіне», «Бірлік – алуантүрлілікте» жобалары кеңінен жүзеге асырылады. Жаңашыл жобалар – «4Д» және «Мүмкіндіктер әйнегі» жазғы жобалары.

            «Қайнар» кешенінің ерекшелігі – білім беру мекемелерімен тәрбие жұмысының қолдауын атқаруында. Әдістемелік бөлім «Екібастұз – балаларға қайырымды қала», «Құқықтық аймақ», «Жаңа ұрпақ», «Жас Ұлан», «Нұрлы жаз» жобаларын жүзеге асырады.

            «Қайнар» кешені – бұл біртұтас, ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе, мұнда балалар мен ересек тәрбие ұйымдастырушыларының өзін-өзі дамытуы үшін кешенді кеңістік құрылған.

  

 

 

 

Дана Муритова,

«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің әдіскері,

Екібастұз қаласы.