Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дайындау туралы АҚПАРАТ

Екібастұз өңірінің білім беру жүйесінде  73 білім беру ұйымы бар, соның ішінде: 44 мектеп, 24 мектепке дейінгі ұйымдар және 4  қосымша білім беру мекемелері және ПМПК.

Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дайындау аясында ағымды жылы  жалпы сомасы 225 450,0  мың теңге ақшалай қаражат бөлінді (соның ішінде:   205 682,0 мың теңге – жергілікті  бюджет қаржысы есебінен, 19 768,0 мың теңге –республикалық бюджет қаржысы есебінен).

 205 682,0 мың теңге сомасында жергілікті  бюджет қаржысы  есебінен 11 білім нысанына  күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұл қаражатқа  екі мектептің еденіне күрделі жөндеу жүргізілді (№ 2 ЖОМ, № 10 ЖОМ), 2 мектептің (Марғұлан ЖОМ  және № 4 ЖОМ) және  1 бала бақшаның  (№ 1 б/б) терезелері мен есіктері ауыстырылды, бір мектептің (№ 21 ЖОМ) және 3 бала бақшаның (№ 4, 9 және 18 б/б) төбелеріне күрделі жөндеу  жүргізілді, 1 мектептің (№2 ЖОМ) электрмен жарақтаныру құралдары және  1 бала бақшаның (№ 18 б/б) қасбеті ауыстырылды.

Сонымен қатар, ағымды жылы бюджетті нақтылағанда қалалық  бюджет қаржысы есебінен  Шідерті  пос. жеке тұрған шағын орталық ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге 18 000,0 мың теңге бөлінді. 14-тамыздағы жағдай бойынша атқарылған жұмыстың көлемі  60 % (пайызды) құрайды. Жұмысты аяқтау мерзімі  - 28 тамыз.

Сондай-ақ ағымды жылы бюджетті нақтылағанда бұған дейін Достық үйі орналасқан, істеп тұрған  № 16 бөбектер бақшасының 7 тобын қалпына келтіруге  9 702,0 мың теңге бөлінді.  14-тамыздағы жағдай бойынша атқарылған жұмыстың көлемі  50 %-ды құрайды. Жұмысты аяқтау мерзімі  - 28 тамыз.

Ауыл мектептерін жылу беру маусымына дайындау үшін  ағымды жылы 8 ауыл мектебінің 12 қазандығы ауыстырылды.

2015 жылы 21 855,0 мың теңге сомасына  16 білім нысанына (6-мектеп, 10-бала бақша) ағымды жөндеу жүргізілді. Аталмыш сомаға  төбе, тағам блогы, баспалдақ белдеулері, терезе саңлаулары және жертөлелер жөнделді.

 «Жұмыспен қамту - 2020 Жол картасы» бағдарламасы бойынша 19 768,0 мың теңге сомасына  3 білім нысанына (2 ауыл мектебі  және  Солнечный пос.  1 бала бақшасы)  күрделі жөндеу жүргізілді. Жұмыстар аяқталды.

Барлық білім беру мекемелерінде жылу беру жүйелерін  тұщыландыру және шаю жұмыстары аяқталды.

Барлық білім беру ұйымдарында  жылу беру маусымына дайындық актісі және рұқсатнамасы бар.

Ауыл аймағында  21 мектеп бар, оның ішінде  автономды  жылумен  - 16 мектеп, пешпен жылытылатыны- 5 мектеп. Дайындық актісі бар.

Қатты отынға қажеттілік  7459 тоннаны құрайды (2014ж. – 7273 тонна болған). Ауыл аймағы мектептеріне қатты отын жеткізу  100 %-ға орындалды.

Жаңа оқу жылында білім мекемелерін оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 175 771 дана оқулық өнімдері  сатып алынды. Бұл мақсатқа қалалық бюджет қаржысынан  157 000,0 мың теңге бөлінді.  Бүгінгі күні оқулықтарды жеткізу толық көлемде  аяқталды.  (Анықтама: 2014 жылы – 66 753,2 мың  теңге).

Ағымды жылдың  10-тамызынан  1-қыркүйек аралығында «Мектеп оқулығы»   республикалық  акциясы өткізілуде, соның барысында  1 – 11 сынып оқушыларына оқулықтар берілді және 1-қыркүйектен бастап әр бірінші сынып  оқушысына  Тұңғыш Президент атынан  «Менің елім - Қазақстан» кітабы салтанатты түрде табысталатын  болады. 

Ағымды жылы  35 мектептің (соның ішінде ауыл аймағының 8 мектебінде) компьютерлік  парк жаңартылды, оған қалалық  бюджет қаржысынан 156, 0 мың  теңге  бөлінді.

Барлығы  1 155  компьютерлік техника бірлігі сатып алынды. 2015 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша 6 оқушыға 1 компьютерден келеді. 

 Жаңа оқу жылының басында жалпы білім беретін мектептерде 1658 педагог жұмыс істейді  (2014 ж.– 1644), оның ішінде  88 % жоғары білімді  және  12 %  орта  кәсіби білімді.

 Жылсайын жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мұғалімдердің саны артуда.  2015 жылғы  аттестация қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш  61%-ды құрайды,  яғни  2 % -ға жақсарды (2014ж. – 970 – 59%).

Білім беру басқармасының бұйрығына сәйкес Екібастұз өңірінің білім мекемелеріне 76 жас маман бөлінді.

14-тамыздағы жағдай бойынша Екібастұз өңірінің білім мекемелеріне 56 жас маман  келді немесе 73,6 %, 25-тамызға дейін тағы да 10 жас маман келеді деп күтілуде.  Қалған 10 жас маманның ішінде: 4-уі  магистратурада оқуын жалғастыруда, 2  түлек әлі келген жоқ, 1-уі жоғары оқу орнына орналасқан, 3- уі жүктілігі бойынша келмеді. 

Келмей қалған жас мамандардың  10 бос орны өз  еріктері бойынша жолдамамен келген жас мамандармен және еңбек  биржасында  тіркелген педагогтармен толықтырылды.

Сөйтіп,  Екібастұз қаласы бойынша бос орын жоқ.

 

 

Бөлім басшысы                                                            Н. Макумова