Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

24 тамызда қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалық етуімен әкімдік мәжілісі өткізілді. Отырыстың жоспарына сәйкес білім беру объектілерінің жаңа оқу жылын бастауға дайындығы, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру барысы және ветеринарлық-алдын алу іс-шараларын орындау туралы мәселелер қаралды.

- Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дайындау аясында ағымдағы жылы  жалпы сомасы 225,4  млн теңге ақшалай қаражат бөлінді, оның 205,6 млн теңге сомасында жергілікті  бюджет қаржысы  есебінен 11 білім нысанына  күрделі жөндеу жүргізілді, - деп мәлімдеді білім бөлімінің басшысы Нуржамал Макумова.

Кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лаура Сатенованың айтуынша, 2015 жылы өз ісін ашу үшін грант ұсынуға 30,0 млн. теңге бөлінді. Кәсіпкерлік басқармасына 38 өтінім түсіпті. Алдын ала конкурстың қорытындысы бойынша 10 жоба іріктеліп алынды және бұл жобалар аймақтық үйлестіру кеңесінде қарастырылатын болады.

Ветеринария бөлімінің басшысы Тілеубай Садвакасов «Эпизоотияға қарсы шаралар», «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру»  бағдарламаларының орындалуы жөнінде толық есеп берді.

Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша қаулы қабылданды.