Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінде экстернат түрінде оқуға рұқсат беру қағазын алу

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінде экстернат түрінде оқуға рұқсат беру қағазын алу үшін өтініш беруші ХҚКО келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) өтініш; 2) комиссияның дәрігерлік-кеңестік қорытындысы, 1/е нысаны; 3) оқып жатқан баланың ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұрып жатандығы туралы анықтамасы, шетелде оқып жатқандығын растайтын құжат (қажеттілігі туындаған жағдайда); 4) соңғы оқу жылы үшін үлгерушілік табельдерінің көшірмелері; 5) қызметті алушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін тууы жағдайында – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсыну). Бұнымен аттестаттаудан өту үшін қызметті алушының өтініші ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кеш емес тапсырылуы тиіс.