Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Электрондық үкімет» порталы арқылы Қазақстан Республикасының білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

«Электрондық үкімет» порталында порталдың пайдаланушылары «Қазақстан Республикасының білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» электрондық қызметімен пайдаана алады, бұл үшін порталда тіркелімі және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет. Ең алдымен порталда тіркеліп «Қызметті онлайн тапсыру» пердесі арқылы өту қажет, кейін тапсырысты толтырып, оны ЭСҚ растау қажет, тапсырысқа апостиль қойылатын құжаттың, оқу мекемесінен алынған анықтаманың сканерленген көшірмелерін қосу қажет. Оң шешімі болған жағдайда қызметтің көрсетілуі үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет ( онлайн тәртібінде кез келген банк карточкалары немесе «Сбербанк» АҚ ЕБ есептік шоты арқылы). Кейін жеке кабинетте («Қызметті көрсету тарихы» бөлімінде 1 жұмыс күні ішінде келіп түсетін тапсырыстың өңделгені туралы хабарламамен танысу қажет. Бұдан кейін апостильді қою үшін немесе жіберу үшін ҚР білім беру және ғылым Министрлігінің білім беру және ғылым саласындағы бақылау бойынша Комитетке бару қажет, ал бұдан кейін құжаттарды пошта арқылы алуға болады. Қызмет Гааг Конвенциясына кіретін мемлекеттер үшін қолжетімді.

            Егер мемлекет Гааг Конвенциясына кірмесе, онда құжаттардың заңдастырылуы үшін бұл мемлекеттің Қазақстан Республикасындағы елшілігіне жүгіну қажет.