Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шақыру

20 тамыз күні «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС ұжымымен қоғамдық құрылымдардың қызметін үйлестіру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың қатысуы бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

       Екібастұз қаласы ІІБ ӘПБ учаскелік полиция инспекторлар бөлімінің бастығы полиция майоры Сәбит Кожелдаков Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 заңының талаптарын жеткізіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттерін және өтініш беру тәртібін түсіндіріп, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерін полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатарына шақырды.

Екібастұз қаласы әкімдігі мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы Ерлан Ақылтаев қоғамдық тәртіпті қорғауға, қылмысты ашуға және құқық бұзушылықтарды анықтауға белсене қатысатын азаматтарды ынталандырудың түрлері туралы мәлімдеді.

        «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-ы бас директорының қауіпсіздік  жөніндегі орынбасары Азамат Жингулов бұл мәселеге    немқұрайлы қарамау және осы бағытта белсенділік таныту ұсынысын айтты.

         Осындай түсіндіру шаралары қала жастарымен, ПИК және ТҮКШ, «Богатырь Көмір», «Промсервис Отан», «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің,  «Восточный» кенішінің  жұмыскерлерімен жоспарланып отыр.