Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО арқылы негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын қалай алуға болады

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады: 1) құжаттың жоғалған немесе басқа да себептері баяндалған білім беру мекемесі басшысының атына жазылған өтініш;

2) кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) тұлғасын куәландыратын құжатпен (төлқұжатпен) туу туралы куәліктің көшірмесі

(2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат (тұлғаның сәйкестігін тексеру үшін);

3) азаматтың құжаттың жоғалуы бойынша ақпаратты орналастыру немесе бүлінген құжаттың түпнұсқасын ұсыну күнінен бастап 10 жұмыс күнінен артық емес уақытта құжаттың нөмірі мен тіркелген беру күні көрсетілген мерзімдік баспа басылымынан көшірме. Аталған қызмет тегін – 15 жұмыс күні мерзімінде ұсынылады.