Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мұрағат анықтамасын қалай алуға болады

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мұрағат анықтамасын алу үшін өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) толтырылған өтініш (бар болған жағдайда өтінішке сұратылып жатқан мәліметтер қоса беріледі;

2) өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат немесе нотариалды куәландырылған сенімхат және жеке тұлғаны куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаның сәйкестігін тексеру үшін ұсынады, кейін қызметті алушыға қайтарылады).

Аталған қызмет тегін негізде - 15 күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттардың екі немесе одан да көп мекемелердің қарастырылуы қажет етілген жағдайда, сонымен қатар 5 жылдан астам уақыт кезеңі үшін қажет жағдайда, көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен артық емес уақытқа дейін ұзартылады. Сонымен қатар бұл қызметті электрондық цифрлық қолтаңбаның бар болуы жағдайында  «электрондық үкімет» порталында алуға болады.