Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 80 өкімімен Қабдылов Ерлан Мақсұтұлы Қоянды ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

         Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 80 өкімімен Қабдылов Ерлан Мақсұтұлы Қоянды ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

         Қабдылов Ерлан Мақсұтұлы 1973 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласының Сарышығанақ ауылында туған, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2000 жылы Павлодар мемлекеттік унверситетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1992 жылы Сарышығанақ ауылындағы Калинин орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Бұдан кейінгі жылдары Калинин орта мектебі директорының орынбасары, «Достық ауылындағы «Дружба» орта мектебінің директоры, Достық ауылдық округінің әкімі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды.

2012 жылдың қаңтарынан бастап Екібастұз қаласы әкімінің аппарат  басшысына басшылық етті.