Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру

Ірі габаритті жүктермен айналысатын азаматтардың қолдарында  автокөлікті техникалық байқаудан өткендігі жөнінде халықаралық сертификаты болуы қажет. 

Толық қызмет заңды және жеке тұлғаларға ХҚКО, «электрондық үкімет» порталында  көрсетіледі және стандартқа сәйкес «Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру» болып аталады. Дайын сертификат 2 жұмыс күні ішінде беріледі. Қызметті ресімдеген кезде келесі құжаттар қажет:

1) қызмет алушының өтініші;

2) халықаралық сертификатты беру үшін мемлекеттік баж салығы төлемдері туралы түбіртек;

3) ағымдағы күнтізбелік күн үшін көлік құралдарына салықты жеке тұлғалардың  төлегенін  растайтын құжаттардың көшірмелері; 

4) мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өткендігі туралы куәліктің көшірмесі. 

         Сертификат үшін мемлекеттік баж салығы 1 АЕК 50 % құрайды. Мемлекеттік қызметті egov өз бетінше  алу  порталда тіркеу мен клиенттің ЭЦҚ болуы шарт екендігін ескертеміз.