Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Салық берешектерінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама

Борыш қайтаруымен жақсы – дейді халық даналығы. Сіз барлық салықтарды төлеген сияқтысыз, бірақ дұрыстық үшін қолыңызда уәкілетті органнан берешектің жоқ екендігі жөнінде  анықтама болғаны артық болмайды. 

 Соңында барлық  күмәнді сейілту үшін ХҚКО «Салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджет есептерінің күй-жайы  туралы  шоттан үзінді көшірмелер, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік  аударымдар , сондай-ақ міндетті зейнетақылық жарналарды есептеу, ұстап қалу және аудару, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды есептеу және  төлеу бойынша міндеттемелер мен міндетті зейнетақылық жарналар берешектері, салық берешектерінің жоқ (бар) екендігі туралы  мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік қызметін алу үшін жүгінуге болады. Бірақ сізде ЭЦҚ болған жағдайда, қажетті мәліметтерді  өз компьютеріңізден үйде отырып, ала аласыз.

Мемлекеттік қызмет 5,3 және 2 жұмыс күні ішінде өтінімнің түріне байланысты көрсетіледі.

ХҚКО арқылы анықтаманы беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде  өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, өйткені клиенттің өтініштер мен құжатын қызмет берушіге  қағаз түрінде ұсыну қарастырылған.

 Мемлекеттік қызметті ұсыну нәтижесі болып табылады: 
1) анықтама беру;
2) үзінді көшірме беру;
3) немесе қызмет беруші лауазымды  тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен (одан әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық  құжат үлгісінде  мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауабы      портал арқылы жүгінген кезде ресімделген құжат нәтижесі қызмет беруші лауазымды тұлғаның ЭЦҚ расталған  электрондық құжат болып табылады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.