Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы құрылысшыларды құттықтады

7 тамызда құрылысшылар күні қарсаңында Екібастұз қаласының әкімі бұл саланың жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құттықтау сөзден кейін Александр Вербняк салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Завод МВИ» ЖШС-ның директоры Болат Амургалинов «Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасы «Завод строительных материалов» ЖШС құрылыс тастарын өңдеу учаскесінің бастығы Александр Головинге, «ЭК ДИОЛА» ЖШС сыртқы құбырларының 5-разрядтағы монтажнигі  Айдар Елубаевқа, «Инженерные сети» ЖШС бас инженері Вячеслав Огайға, «Вершина» ЖШС 5-разрядтағы ағаш – білдек шебері Николай Пшеничныйға, Еңбек ардагері Николай Сабкоға, «Тамыр» ЖШС өзі жүретін тығыздағыштың 6-разрядтағы машинисі Айтқазы Сағынтаевқа, «Архитектурно-проектное предприятие» ЖШС директоры Сәнімгүл Сартоваға табыс етілді.

Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты «Берт» ЖШС тас қалаушысы Абдуғани Алтаевқа,  «Завод строительных материалов» ЖШС құрылыс тастарын өңдеу учаскесінің шебері Ғалымжан Әсембаевқа,  «Теплоэнергоизоляция и К» ЖШС құрылыс учаскесінің бригадиріне Самат Бекжігітовке,  «Тамыр» ЖШС 4-разрядтағы жол жұмысшысы Айтуған Имановқа,  «Строитель-Экибастуз» ЖШС тас қалаушысына Нұртай Қарамбаевқа, «Завод МВИ» ЖШС ваграншысы Владимир Кузьминге,  «Архитектурно-проектное предприятие» ЖШС инженер-құрылысшысы  Инна Литвиненкоға, «Инженерные сети» ЖШС экскаватор машинисі Евгений Устимчикке,  «Тлек» ЖШС сылақшы-сырлаушысы  Марта Хамароваға және «ЭК ДИОЛА» ЖШС 5-разрядтағы электргазбен дәнекерлеушісі  Эдуард Эберске жіберілді.

Шараның ресми бөлімі аяқталған соң көрермендердің назарына мәдениет бөлімі ұйымдастырған концерт ұсынылды.