kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ерлан Батырбекұлы Мырзабеков Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Батырбекұлы Мырзабеков Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

1979 жылғы 23 ақпанда туған. Білімі – жоғары. 2001 жылы экономика және менеджмент мамандығы  бойынша О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген.

Ерлан Батырбекұлы Мырзабеков еңбек жолын 2003 жылы Жезқазған қаласы әкімі аппараты қаржы – шаруашылық бөлімінің бас маманынан бастаған.

Ұлытау ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, «Жезқазған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы, «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып еңбек еткен. Бағдарламалық құжаттарды үйлестіру басқармасының басшысы болып жұмыс істеген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеген. 2013 жылы ауысу тәртібінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалған.    

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі» АҚ стратегиялық жоспарлау басқармасының бас менеджері лауазымын атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі  - 12 жыл.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза