Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 82 өкімімен Мәриям Дәулетбекқызы Адасбаева Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

            Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 82 өкімімен Мәриям Дәулетбекқызы Адасбаева Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Мәриям Дәулетбекқызы Адасбаева 1985 жылғы, қазақ. Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Білімі –жоғары, 2007 жылы Мәскеу қаласының Қазіргі гуманитарлық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын  2007 жылы «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру – бақылау бөлімінің бас маманы болып бастаған. «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік – құқық бөлімінің бас маманы, «Павлодар облысының мәдениет басқармасы» ММ ішкі аудит жөніндегі бас маманы, «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маманы болып қызмет еткен.           

         2011 жылдың сәуір айынан бастап Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік – құқық бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.