Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Роза Кенжеқызы Жүсіпова «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды

 Роза Кенжеқызы Жүсіпова Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 24 шілдедегі өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Роза Кенжеқызы Жүсіпова 1967 жылғы. Білімі – жоғары. Қарағанды кооператив институтын экономика- сауда мамандығы бойынша бітірген.

Роза Кенжеқызы Жүсіпова еңбек жолын 1988 жылы сауда-саттық меңгерушісі ретінде бастаған.

Лебяжі ауданы әкімінің жанындағы экономика бөлімінің меңгерушісі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация басқармасы»ММ бас маманы болып жұмыс істеген. 2008 жылы«КазахстанЭнергоКомпани» ЖШС директоры  лауазымын атқарды.2009 жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.2011 жылдың ақпан айынан  бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымын атқарды. 2014 жылдың  маусым айынан бастап «Заман-Лизинг»ЖШС-нің  коммерциялық директоры қызметін атқарды.

      2015 жылдың шілде айынан бастап Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымын атқаруда.