Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қол күресінен, арқан тартудан, гір тасын көтеруден біріншілік өткізілді

2015 жылғы 19 шілдеде «Шахтер» қалалық демалыс және мәдениет саябағында Екібастұз қаласы мекемелері мен кәсіпорындары, дене шынықтыру командалары арасында жазғы олимпиадалық, ұлттық және дәстүрлі спорт түрлерінен бесінші қалалық кешенді спартакиада есебіне қол күресінен және арқан тартудан, гір тасын көтеруден біріншілік өткізілді.

 Жарыстар «Богатырь Комир» ЖШС, «Восточный» кеніші, МАЭС-1, МАЭС-2, «Богатырь Security» ЖШС, «КЕГОК» сияқты ірі кәсіпорындар және білім беру мекемелерінің  арасында өтті.

Қол күресінен Ерлан Камиев (МАЭС-2),  Тахир Ильясов (Богатырь Көмір),  Сергей Похилько (Восточный),  Тілек
Түсіпов (Білім,) Алексей Сазонов (Богатырь Көмір) басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Жарыс қортындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды  «Богатырь Көмір» ЖШС командасы, екінші орынды «МАЭС-2», үшінші орынды  «Шығыс»  кеніші жеңіп алды.

63-тен 90 келіге дейінгі әр түрлі салмақ дәрежесіндегі спортшылар 24 және 32 келідегі кір тасын серпіп және
жұлқып көтеруді орындады. Ең мықты болып Иван Ластовский, Уәлихан Рахымжанов, Медет Сәдуақасов, Қуат Жұманов,  Асығат Мальшубаев, Игорь Филонец және Руслан Ибраев атанды.

 Арқан тартуда «Шығыс» кеніші бірінші орынға, МАЭС-2 екінші орынға, «Богатырь Көмір» ЖШС құрама командасы үшінші орынға ие болды.