Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бозшакөл кен орнынөнеркәсіпті өндіру жобасына»«Қоршаған ортаны қорғау»

 «Бозшакөл кен орнынөнеркәсіпті өндіру жобасына»«Қоршаған ортаны қорғау» «Жұмыс құжаттары «Бозшакөл кен орныкарьерлік суларын қалдықтар сақтау қоймасына айдау» бөлімі және2015 – 2018 жж.«KAZMineralsBozshakol» (КАЗ МинералзБозшакөл) ЖШС Табиғатты қорғау шаралары жоспары бойынша

қоғамдық тыңдаулар жөніндегі хаттама

 

Өткізу күні:29.07.2015 ж., уақыты 10:00.

Өткізу орны: Павлодароблысы, Төрт-Құдықауылы, МәдениетСарайы

ҚоғамдықтыңдауларТөрт-ҚұдықауылыокругтікӘкімдігіменұйымдастырылған

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат қоғамға 2015 жылғы 9 шілдедегі  № 27 (3089) «Екібастұз дауысы» газеті арқылы хабарланды.

Қатысушылар:

Төрт-ҚұдықауылыокругтікӘкімі -ТасимовБазылбек Жамсапович  

«KAZMineralsBozshakol» (КАЗ МинералзБозшакөл) ЖШС-ніңҚОҚ басқармасы бастығы- Кадралиев А.А. (баяндамашы)

«SED» ЖШС директоры, ППМ жасаушы –Олег Украинский

Екібастұз басқармасы Тұтынушылар құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Иментаев КайдарКойшинович

Павлодар облысы Экология Департаментінің инспекторы -  Аяпбергенов Азамат (тыңдаушы)

«KAZMineralsBozshakol» (КАЗ МинералзБозшакөл) ЖШС-нің ҚОҚ жөніндегі инженер–Умбеталиев Даниял Серикович

(барлық қатысушыларды немесе қатысушылардың негізгі категорияларын толық тізімді хаттамаға қосымша ретінде тіркей отырып көрсету)

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау – 4 мин.

 

  1. 2015 – 2018 жж. «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ МинералзБозшакөл) ЖШС Табиғатты қорғау шаралары жоспарыжәне «Бозшакөл кен орнын өнеркәсіпті өндіру жобасына» «Қоршаған ортаны қорғау» «Жұмыс құжаттары «Бозшакөл кен орны карьерлік суларын қалдықтар сақтау қоймасына айдау» бөлімі бойынша баяндама – 24 мин.

 

  1. Сұрақтар мен жауаптар, ұсыныстар мен ескертулерді баяндау– 5 мин.

 

(күн тәртібінің негізгі бөлімдері және ол үшін қаралған уақыт шеңбері)

Баяндамамен шыққандар:

29.07.2015 жылысағат 10:00-де2015 – 2018 жж. «KAZMineralsBozshakol» (КАЗМинералзБозшакөл) ЖШСТабиғаттықорғаушараларыжоспарыжәне «Бозшакөлкенорнынөнеркәсіптіөндіружобасына» «Қоршағанортанықорғау» «Жұмысқұжаттары «Бозшакөлкенорныкарьерліксуларынқалдықтарсақтауқоймасынаайдау» бөліміматериалдары бойыншақоғамдықтыңдаулардыашқан - Төрт-ҚұдықауылыокругтікӘкіміТасимовБазылбекЖамсапович.  

Өз сөзінде ол қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-бабының 30-тармағы мен 57-бабына және «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 26 наурыз айындағы № 50Ө бұйрығына сәйкес өткізіліп жатқанын атап өтті. «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшакөл) ЖШС алдын ала  жергілікті атқару органымен  қоғамдық тыңдаулар өткізу  орынымен және уақытымен келіседі, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы БАҚ хабарландыру жариялайды. 

Сондай-ақ ол комбинаттың Қазақстан және аудан үшін, осы кент тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтті. Алдыңғы тыңдауда сұралған сұрақтарға жауаптарын айтты, соның ішінде Екібастұз қаласы, Матросов көшесі, 6 мекенжайы бойынша қызметкерлерді іріктеу жайлы хабарлады, барлық тұрғындар мен олардың туыстарына түйіндемелерді өткізуге, тестіден өтуге уәждеді. 

Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша келесі кандидатуралар ұсынылды:

 - қоғамдық тыңдау төрағасы лауазымына – Тасимов Базылбек Жамсапович

Ашық дауыс беру нәтижелері – бірауыздан «Қарсы емес»

- қоғамдық тыңдау хатшысы лауазымына– Умбеталиев Даниял Серикович

Ашық дауыс беру нәтижелері – бірауыздан «Қарсы емес»

Екінші сұрақ бойынша баяндама жасағандар:

Кадралиев Ансарбек Алибекович, «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшакөл) ЖШС-нің ҚОҚ басқармасы бастығы. 

Баяндамада Бозшакөл жобасы, негізгі өндірістік көрсеткіштер туралы жалпы мағлұмат берілді, жобаны іске асыру үдерісі туралы соңғы мәлімет ұсынылды.  

Тыңдаушыларға «Жұмыс құжаттары «Бозшакөл кен орны карьерлік суларын қалдықтар сақтау қоймасына айдау» жобасы және «Бозшакөл кен орнын өнеркәсіпті өндіру жобасына» «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша келесі ақпарат ұсынылды:  

Бұл жоба жинақталған дренажды суларды және атмосфералық жауын-шашынды сол суларды техникалық және технологиялық қажеттіліктер үшін кейіннен қайтадан пайдалану мақсатында ескі карьерден қалдықтарды сақтау қоймасына айдау үшін пластикалық құбыржолды салуды көздейді.    

Атмосфералық ауаға ықпалы жергілікті шектеулі масштабта негізінен шаңдану процестері және 2 суды айдау сорғының көмегімен жүзеге асырылады. 

Бекітілген Санитарлық-қорғаныс зонасының шекарасында (1000 метр) жұмыстарды дұрыс (жоспарлы) орындау кезінде негізгі ластау компонентінің концентрациясы бекітілген көрсеткіштерден аспайды (ШМК бекітілген шектен аспайды).   

Жұмыстардың барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға теріс ықпалды азайту үшін шаңды басу жүргізіледі. 

Қалдықтардың түзілу көлемдері, оларды жою тәсілдері мен қоршаған ортаға теріс ықпалды азайту үшін қолданылатын шаралар туралы, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер мөлшері туралы ақпарат берілді.  

Сосын 2015 – 2018 жж. «KAZMineralsBozshakol» (КАЗМинералзБозшакөл) ЖШСТабиғаттықорғаушараларыжоспары туралы ақпарат берілді. 

Атмосфералық ауаны қорғау іс-шаралары, соның ішінде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде шаңды басу және шаң мен газды тазалайтын жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар туралы баяндама жасалды.Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану, соның ішінде ағынды суларды тазалау қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және айналма суды қойылтқыштарда және қалдықтар сақтау қоймасында мөлдірлендіргеннен кейін технологиялық қажеттіліктер үшін қайтадан пайдалану бойынша. Жер ресурстарын ластаудан қорғау, соның ішінде төгілуді тоқтататын құралдарды, апаттық төгілулеріне әрекет ету  жиынтықтары сатып алу және орнату, тау-кен жұмыстарын жүргізу аймағын эрозияға қарсы ұйымдастыру, жер қабатын қоймада сақтау, қорғау және эрозияға қарсы бекіту. Жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану саласындағы жұмыстар, соның ішінде ұңғымаларды зерттеу және салу жұмыстары. Флора және фаунаны қорғау жөніндегі іс-шаралар, соның ішінде жасылдандыру жұмыстарын жүргізу. Жоспарға мекеме қызметіне ықтимал теріс ықпалды анықтау үшін экологиялық зерттеулерді аккредиттелген зертхананың көмегімен ӨЭБ-ға сәйкес жүргізу, атмосфералық ауаны ластау көздерінен ластаушы заттар шығарындыларын бақылау кіреді. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын, жобалау және ғылыми-зерттеу жобаларын басқару. 2015 – 2018 жж. табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру үшін жалпы сома шамамен 111 млн. теңгені құрайды, соның ішінде бірінші екі жылда шамамен 40 млн. теңге, ал кейінгі екі жылда шамамен 19 млн. теңгені құрайды.

«KAZMineralsBozshakol» (КАЗМинералзБозшакөл) ЖШС қоғам өкілдеріне «Бозшакөлкенорнынөнеркәсіптіөндіружобасына» «Жұмысқұжаттары «Бозшакөлкенорныкарьерліксуларынқалдықтарсақтауқоймасынаайдау» және«Қоршағанортанықорғау»  бөлімі материалдарына, сондай-ақ 2015 – 2018 жж. «KAZMineralsBozshakol» (КАЗМинералзБозшакөл) ЖШСТабиғаттықорғаушараларыжоспарына рұқсатпен қамтамасыз етеді, ҚР заңнамасына сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды қабылдайды және тіркейді.

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ескертулері мен ұсыныстары:

Сұрақ 1.

Екібастұз басқармасы Тұтынушылар құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Иментаев КайдарКойшинович

Компания ағынды суларды тазалаудың қандай іс-шараларын көздейді?

Жауап

«KAZMineralsBozshakol» (КАЗ МинералзБозшакөл) ЖШС-нің ҚОҚ басқармасы бастығы - Кадралиев А.А. (баяндамашы)

«KAZMineralsBozshakol» (КАЗ МинералзБозшакөл) ЖШС компаниясымен аэробтық типті ағынды суларды тазалау бойынша тазалау қондырғылары салынды. Қазіргі таңда тазаланған суларды техникалық (технологиялық) қажеттіліктерге қайтадан пайдалану мүмкіндігі пысықталуда. 

 (сұрақтар мен жауаптарды, ұсыныстар мен ескертулерді  тұлғаларды және оны ұсынған мекемелерді немесе мақсаттық топтарды  көрсетумен баяндау; көлемді жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді ұсынған кезде оларды хаттамаға қосымша ретінде қосу).

Талқыға салу нәтижесі бойынша негізгі қортындылар:

Күн тәртібі осымен аяқталсын, келіспеушіліктер болған жоқ, жиналыс жабық деп саналсын. Ақпарат жергілікті орындаушы органының (Екібастұз қаласы) ресми веб сайтында тыңдалған тақырып бойынша ұсыныстар мен ескертулер жинау мақсатында жарияланады.  

Жабылу уақыты: 10:35.

(тіркеуді және ол қалай ескерілетінін талап ететін ұсыныстар мен ескертулердің болуы (болмауы),  түбегейлі келіспеушіліктердің болуы (болмауы) және қоғамдық пікірді есепке алу бойынша келешекте жұмыс қалай ұйымдастырылады).