kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«ҚазАгро» холдингінің инвестициялық жобасы 7000-шы "Беларус" тракторын шығарды

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен қаржыландырылған Қазақстандағы ауылшаруашылық техникаларының  өндірісі бойынша инвестициялық жоба кезекті шегіне шықты. «ҚазАгро» холдингі желісі бойынша қолдау көрсетіліп 1,3 млрд.теңге инвестицияланған  «СемАЗ» машина жасау зауыты  «Беларус» тракторының 7 000-шы санын шығарды. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

«СемАЗ» ЖШС тракторлар өндірісінің тарихы 2009 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жөніндегі конкурстан басталған, оны «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткізген болатын.  Семейдің машина жасаушыларынан түскен өтінімге кейіннен 3000 бірлікке дейінгі  техниканың өндірісімен  жылына 1000 тракторды құрастыру өндірісі енгізілген. Жаңа өндіріс инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жеңілдікті шарттармен  қаржыландырылды - 6 %-бен 8 жылға дейінгі қаржыландыру мерзімімен және төлемнің мерзімін бір жылға ұзарту арқылы.

Өндіріс тракторлардың үш моделін құрастырудан басталды  - "Беларус 80.1", "Беларус 82.1" және "Беларус 1221.1". Бұл техниканы таңдау кездейсрқтық емес, өйткені сенімділігі, күй талғамайтындығы және функциональдық мүмкіндіктерінің ауқымдылығы жағынан бұл таркторлар бұрыннан ауыл шаруашылығында ғана емес, сондай-ақ коммуналдық шаруашылықтарда да кеңінен таралған.  Түрлі аграрлық шараларды жүргізуден басқа, олар көшелерді, жолдарды және жаяу жүргінші жолдарын тазарту үшін, топырақты үймелеу және олармен траншеялар мен шұңқырларды көміп тастау кезінде де аса ыңғайлы.

 Бүгінгі таңда кәсіпорын 9 трактор моделін шығаруды меңгерді, оның ішіндегі ең жетілдірілгені  "Беларус 3522" болып табылады. Зауыттың техникалық сипаттамасына сәйкес, ол ауылшаруашылығында аса көп энергияны қажет ететін   жұмыстарды орындауға арналған, соның ішінде дәнді және басқа дақылдарды егу, жемшөп азықтарын дайындау, тамыр жемістерін жинау кезінде, сондай-ақ жүк тасымалдамен байланысты жұмыстарды орындауға бейімделген. Зауытта атап өтілгендей, барлық «Беларус» техникасы клиентитің тілегі бойынша қазақстандық кәсіпорындармен шығарылған аспалы жабдықтардың кеңейтілген спектрімен жабдықталады. 

«ҚазАгро» холдингі өндірісті қаржыландырумен ғана шектелмейтінін атап өту қажет. Ұлттық холдинг бүгінде зауытқа шығарылған техникаларын өткізу кезінде де тиімді көмегін көрсетеді  «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг бағдарламаларының арқасында кәсіпорын республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарына барлық құрастырылған тракторлардың жартысынан көбін жөнелтеді. 

«СемАЗ»  ЖШС директоры Асемқан Дусқожановтың айтуы бойынша, тек «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық бағдарламасының арқасында зауыт өндірісті жүргізіп және өнімдерін тоқтаусыз өткізуді жолға қойды, және де тіпті дағдарыс кезеңінде де құрастыру процессін үзген жоқ. Бұдан басқа, кәсіпорынның басшысының айтуынша, бастау мәресінде де Ұлттық холдингпен еңқолайлы қаржыландыру шарттары ұсынылды, ал сол кезде басқа қаржы құрылымдары жаңа өндірісті қолдаудан бас тартты немесе көтере алмайтындай талаптар ұсынған. 

Тракторлардан басқа, "СемАЗ" ЖШС автобустар мен жүк автокөліктерін  шығару өндірісін жолға қойды.  Құрастыру, дәнекерлеу және бояу жұмыстарынан тұратын толық цикл принципі бойынша зауыттың технологиялық желілерінде  "Daewoo" автобустары шығарылады, ал 2013 жылдан бастап семейдің машина құрастырушылары 25 тоннаға дейінгі жүкті көтере алатын  - Урал" және "SHACMAN" автокөліктерін шығара бастады. 

Тракторлар құрастыру өндірісі – «ҚазАгро» холдингі қызметіндегі 14 инвестициялық бағыттың біреуі ғана.  Осы уақытта Холдингтің инвестициялық қоржынында жалпы құны 318,9 млрд. теңгенің  517 жобасы бар және пайдалану кезеңінде 16 мың жұмыс орны құрылады. Осылардың барлығының жалпы құны 228 млрд. теңгенің 392 инвестициялық жобасы 12 мың жұмыс орнын құру арқылы қаржыландырылды және пайдалануға берілді Ағымдағы жылы жалпы құны 7,1 млрд.теңгенің 32 инвестициялық жобасы шамамен 800 жұмыс орнын құру арқылы іске қосылды.

Жобалардың ең көп саны Ақмола (78), Алматы (69), Солтүстік-Қазақстан облыстарында  (53), ең азы -  Маңғыстау (3) және Қызылорда облыстарында (10) іске асырылды.

Бұл жобаларды іске асырудан мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

- Құс фабрикалары: құны 41,5 млрд. теңгенің 26 жобасы мақұлданды, өндірісінің жиынтық қуаты жұмыртқа бойынша жылына  993,8 млн. дана, құс еті бойынша жылына 84,5 мың тонна, өндірістің осындай көлемі құс етінің импортын 47,6%-ға төмендетуге ықпал етеді.Соның ішінде бүгінгі күнгі жағдайда  құны 29,6 млрд.теңгенің 20 жобасы іске қосылды.

 - Сүт-тауарлы фермалар: құны 37,79 млрд. теңгенің 35 жобасы мақұлданды, өндірісінің жиынтық қуаты жылына 159,6 мың тонна сүт және сүт өнімдерін шығарады,өндірістің бұл көлемі сүт өнімдерінің импортын 18,3%-ға төмендетуге ықпал етеді. Соның ішінде бүгінгі күні құны 34,18 млрд. теңгенің 27 жобасы іске қосылды.

 - Көкөніс қоймалары: құны 17,58  млрд. теңгенің 45 жобасы мақұлданды, біржолғы сақтау сыйымдылығының жиынтық қуаты  190,4 мың тонна,қоймаларды іске қосу сақтау қуатының жетіспеушілігін 42,7%-ға төмендетуге ықпал етеді. Соның ішінде бүгінгі күні құны 11,2 млрд. теңгенің 28 жобасы іске қосылды.

 - Жылыжайлар: құны 48,80 млрд. теңгенің 43 жобасы мақұлданды,  өндірісінің жиынтық қуаты жылына  жылына 63,8 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өндіреді, алаңы  152,4 га,өндірістің аталған көлемі жеміс-көкөніс өнімдерінің маусым аралық жетіспеушілігін 63,6%-ға төмендетуге ықпал етеді. Соның ішінде бүгінгі күні құны 26,0 млрд. теңгенің 29 жобасы іске қосылды.

 - Суару жүйелерін қолдану арқылы өнімдердің өндірісі: құны 20,72 млрд. теңгенің 68 жобасы мақұлданды, жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің жиынтық қуаты жылына 239,6 мың тонна. Соның ішінде бүгінгі күні құны 12,83 млрд. теңгенің 48 жобасы іске қосылды.

 - Жемшөп өндірісін дамыту: құны 7,32 млрд. теңгенің 36 жобасы мақұлданды,  жылына 68,7 мың тонна қоспа жем және 211,8 мың тонна азық шығару қуатымен.  Соның ішінде бүгінгі күні құны 5,89 млрд. теңгенің 31 жобасы іске қосылды.

 - Астық қоймасы: құны 23,99 млрд. теңгенің 46 жобасы мақұлданды, бір жолғы сақтау қуаты 880,8 мың тонна.Соның ішінде бүгінгі күнгі жағдайда құны 10,6 млрд.теңгенің 28 жобасы іске қосылды.

 - Қазақстан астығының экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны қайта өңдеу: құны 18,53  млрд. теңгенің 27 жобасы мақұлданды, жылына 3,15 млн. тонна астықты аударып тиеу қуатымен,  жылына 277,6 мың тоннаға дейінгі көлемде астықтың қайта өңделген өнімінің өндірісі. Соның ішінде қазіргі күні құны 17,63 млрд. теңгенің 26 жобасы іске қосылды.

          - Бордақылау алаңдары: құны 20,25 млрд. теңгенің 18 жобасы мақұлданды, 51,9 мың ІҚМ бордақылау орны бар. Соның ішінде бүгінгі күні құны 11,08 млрд. теңгенің 8 жобасы іске қосылды.

 - Шаруашылық-репродукторлар: құны 45,36 млрд. теңгенің 101 жобасы мақұлданды,  64,5 мың ІҚМ басына арналған. Соның ішінде қазіргі күні құны  43,78 млрд. теңгенің 95 жобасы іске қосылды.

         - Етті қайта өңдеу өндірісінің, мал сою цехтарының желілерін құру: құны  11,27 млрд. теңгенің 26 жобасы мақұлданды, ет пен ет өнімдерінің жиынтық өндірістік қуаты жылына 41,3 мың тонна. Соның ішінде қазіргі күні құны 7,13 млрд. теңгенің 18 жобасы іске қосылды.

 - Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (жүнді, балықты, күрішті, былғарыны, көкөністі, күнбағысты өңдеу, балық өсіру):құны 16,11 млрд. теңгенің 26 жобасы мақұлданды, оның құны  12,62 млрд. теңгенің 20 жобасы іске қосылды.

 - Сүтті қайта өңдеу: құны 1,93 млрд. теңгенің 6 жобасы мақұлданды,  сүт өнімдерінің өндірісінің жиынтық қуаты 24,1 мың тонна.  Соның ішінде қазіргі күні құны 0,49 млрд.теңгенің 4 жобасы іске қосылды.

 - Басқа бағыттар (құбырлар, целлюлозалар, емдік шөптердің өндірісі, мақтаны қайта өңдеу, демалыс үйлерін, кафелер, дүкен, фотоэлектрлік модуль мен жел қуатын генераторлар): құны  3,43 млрд. теңгенің 10 жобасы мақұлданды, оның ішінде құны 1,25 млрд.теңгенің 7 жобасы іске қосылды.

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

 

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз-қызметі  

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза