Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.13.07. бастап 15ж.20.07. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 09 сағ. 09 мин. сыртқы есікті құлпы желініп қалғандықтан пәтерінен шыға алмай отырғандығы туралы хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.  
  2. 15 сағ. 16 мин. балконында ара ұя салғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, балкон есігін бұзды және араның ұясын алып тастады.
  3. 18 сағ. 05 мин. кілтін жоғалтып алғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы туралы хабарлаған жалғыз тұратын 3-топтағы мүгедек ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, саты арқылы екінші қабаттың балконына көтерілді, арнайы құралдың көмегімен терезені ашты және пәтерге кіріп, қосалқы кілтпен сыртқы есікті ашты.       
  4. 12 сағат 33 мин. үш жасар баласы пәтердің ішінен ысырмаға жауып алғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты.     
  5. 08 сағ. 23 мин. Шідерті стансасында негізгі желіден сұйылтылған газбен үш цистерна шығып кеткендігі туралы хабарлаған ТЖД жедел кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, күту режимінде қоршауда тұрды және ТЖ ықтимал салдарын жоюға дайындықта тұрды. 
  6. 16 сағат 10 мин. бесінші қабатттың балконында балконның қаңылтыр жабындысы салбырап тұрғандығы, құлау қауіпі бары жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, слесарлық құралдың көмегімен салбырап тұрған жабындының бөлігін демонтаждады және осымен оның құлау қаупін жойды.      

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

Бас құтқарушы-кинологы                                            Г.А. Куценко